Ой және ойсыздық күнәсі

Ой және ойсыздық күнәсі
жеке
блог

Көпшілігіңіз үшін қалыпты пікір шығар, дегенмен өзіме жаңалық болып көрінген ойыммен бөліссем деп едім.

Ерігіп отырып, «осы мен қандай күнәларға барып жүрмін» деген ой келді, бүгін. Былай қарасаң алып бара жатқан күнәләрім жоқ сияқты. «Вроде бы ешкімнің ала жібін аттап жүрген жоқ сияқтымын. Біреуге қиянат жасау былай тұрсын, ғайбаттаудан да қашуға тырысамын» деп өзімді өзім жұбатамын ғой енді. Артынан «Осы, ойсыздықтық өзі күнә емес пе» деген тағы бір ой келді. Жұмыс дейсің, басқа дейсің, кішкене отырып анау-мынау жайында, істеп жүрген тірліктерімнің дұрыс-бұрыстығы жайында ойлануға уақыт бөлмейтінім анық. «Күйкі тіршіліктің жәрмеңкесі» деген бір шетелдік романның атауы керемет ұнайды.

Енді қазір сол «ойсыздық та үлкен күнәлардың біріне жатады» деген пікірге сенімді болып отырмын. Мысалы, шариғатта арақ ішкен адамның күнәсі неге адам өлтіргенмен, әйел зорлағанмен тең есептеледі? Мұнымен кез-келген адам келісе алмайды, әрине. Ал ішіп алған адам біреуді өлтіріп қойса, зорлаған болса оның айыбын ішімдікке жаба саламыз ғой. Бірақ сол адам қылмыс атаулының басым көпшілігін ішімдік пайдаланғандар жасайтынын, ішіп алған адамның туған бауырын өлтіріп, қойнындағы қатынын қуалап жүріп, көгала қойдай сабап, туған баласын тепкілеп, қызын зорлап жатқандар туралы естімей жүр емес қой. Ести отыра ішті. Демек ол да кез келген ауыр қылмыспен пара пар. Сондықтан дін ғұламаларының арақтың ең ауыр қылмысқа жататыны жайлы пікірлері логикаға сияды.

Меніңше ойсыздық та осыған ұқсас нәрсе.

Кез келген орта, халық кәмілетке толмаған баланың қылмысына түсіністікпен қарайды. Себебі қарапайым ғана: олану қабілеті биологиялық тұрғыдан жетілмеген. Ал ересек адамдардың қатарына енгендер ойлануға міндетті.

Мысалы мен ойдан қашамын. Ой деген нәрсе мазалай бастаса болды оны жұмыспен қуалаймын. Срочно бір кино көріп жібересің. Немесе кітап оқығың келе қалады, соның арасынша. Одан қалса, жеңіл-желпі музыка да ой қуалаудың ең жақсы тәсілі. Бір ғұлама айтады екен «Кітапті ойсыздық билеген кезде ғана қолыңа ал, ал өз ойың пайда болған кезде оқысаң керісінше зиян болуы мүмкін» деп. Сол айтқандай, бір қарағанда пайдалы болып көрінетін тірліктермен алмастырып жібересің ғой.

Меніңше, ойлану - парыз. Нәпіл деуге де келмейді, кәдімгі дініміздегі бес парыз сияқты ол да ғибадаттың бір түріне жатады. Бәлкім намаздан жоғары. Кім не десе о десін(салафиттер мұның ширк сөз дейтін болар).

Ал ойсыздық күнәға жатады. Ежелгі грек әдебиетінде "қызғаныш", дүниеқұмарлық деген сияқты күнәға апаратын жеті себеп аталушы еді. Солардың қатарына ойсыздықты да қосып қою керек шығар. Кез-келген күнәмнің, жағымсыз істерімнің артына қарасам, ойсыздық отыр ғой. Ойланбаған соң ештеңенің қадірін де білмейсің. Ата-ана, туған-туыс, дос-жаран, замандас – ешбірінің өзіңе қаншалық қымбат жан екеніне назар аудармайсың. Себебі ойлануға уақыт жоқ. Көңілін қалдырасың. Баяғыда ұстазым Саят Ыбырай айтушы еді: «Намаз дегеніміз – күзетші, ол иманды күзетеді. Иманың болса күзетеді, болмса неңді күзетеді» - деп. Сол айтқандай, біз сияқты ойсызда қайдағы иман болсын?

Чересчур гуманный әрі банальный пікірлерім осымен тәмам.

Айтайын дегенім сол... Думкаға түсу керек)))