Сізді күттім

Сізді күттім
жеке
блог

Сізді күттім сарылып,

Күте берем бәрібір.

Жанарымда жасық ой

Жүрегімде тамшы үміт.

 

Жалғандыққа қош айтып,

Күтіп келем сізді мен.

Сағыныштан түсімде

Бейнеңізді жүз көрем.

 

Күтем баққа барғанда,

Қалар ма деп жолығып.

Жалтақтаумен жан-жаққа

Жалғыз сүйеу сол үміт.

 

Күтем санам сарылып,

Күтем әбден сағынып.

Сезімімді бұғаулап,

Тар бөлмеде тарығып.

 

Күтем таңғы шуақпен,

Жүрегімде мол үміт.

Жаратқаным қуат бер

Кетпеу үшін үзіліп.

 

Бәлкім айлар,бәлкім жыл 

Ұмытармын күлкіні.

Күтем сізді бірақ та

Жолығар деп бір күні.