Пергам патшалығына саяхат

Пергам патшалығына саяхат
жеке
блог

Бергама – Измирден100 км қашықтықта жатқан солтүстіктегі шағын аудан. Бакырчай өзенінің бойында орналасқан ежелгі археологиялық ескерткіштерге бай қала Грекия, Рим, Византия сынды үш бірдей өркениетті елдердің дәуірін бастан өткерген. Бұл өлке атақты Бергама тоқыма кілемдерімен де әйгілі. 1897 Зевстің бейнесі табылған ескеркіш бүгінде Берлиндегі музейде сақтаулы.  


БАКЫРЧАЙ ӨЗЕНІ

Қаланың ежелгі атауы Пергам. Пергам патшалығы тұсында қала гүлденген орталық болған. Кейін Осман империясының маңызды орталығына айналды. Қаланың салыну уақыты нақты белгісіз. Археологиялық қазбалардан табылған деректерге сүйене келе ғалымдар біздің заманымызға дейінгі жеті жүз жыл бұрын салынған деген болжамдар айтады. Бергама – парсы, әйгілі Ескендір патша, Фригия, Фракия, Селевкид королдігін, Рим және Византия дәуірлерінің куәсі.  1341 жылдан бастап Османлылардың еншісінде.

Траяна храмы

Акропольдегі 1883-1885 жылдары жүргізілген археологиялық қазбаларда храмның биік қираған үйінділері табылған. Жерсілкінісінің салдарынан қираған  біраз археологиялық фрагменттер алаңға қойылған. Афина храмынан 9 м, театр терассасынан 55 м биіктікте кітапхана орыны табылған. Бұл кітапхана өз заманында Мысырдағы Александрия кітапханасынан кейінгі екінші алып кітапхананың бірі болған. Мысырдағы Александрия кітапханасының бір бөлігі б.э.д. 47 жылы Александрия соғысы кезінде жойылғандықтан осы Пергам кітапханасының қоры есебінен қайта толықтырылып, қалпына келтірілген. Мысырлықтар жазуға папирус қағазын қолданған болса, пергамдықтар жазуға мал терісін қолданған. Тақтайдай етіп сүргіленген, жібектей жұмсақ жұқа тері кітап шығаруға кететін шығынды екі есеге қысқартқан. Осылайша, Пергам кітапханасы әлемдегі Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орынды иемденді. Жасалған тері қағаз  қаланың құрметіне пергамент деп аталды.


Мына құдыққа келушілер тілек тілеп, ортасындағы қазыққа тиын лақтырады екен. Мен де тілек тілеп лақтырдым. Бірақ оңай көрінгенмен оңайлықпен түспейді. Төменге түсіп кетті. Ии, құрсыншы, оған сенбеймін.Cool

Мынау 10.000 адамға орналған өз кезеңіндегі ең ірі театрлардың бірі.

Жер астынан табылған сарай. 

Қабырғаға ойылып салынған суреттерге таң қалдым.

Сарайдың ішкі көрінісі

Әртүрлі бейнедегі маскалар тасқа қашалып салынған.

Пергам антикалық қалашығындағы ежелгі Асклепий емдеу-сауықтыру орталғы


Қазіргі дәріханадағы жылан бейнесі сол кездің өзінде болған екен.

Сонымен кеш батты. Бергама музейіне де бардым. Енді, музей болған соң суреттерді көрсете алмаймын. Үйге қайттық. Smile