жеке
блог

Блогкэмп, коктейль, PR, шолу...т.б.

Сәлем, Массагет! Барлықтарыңызды күннің күлімдеуімен құттықтаймын) Көңіл-күй тамаша! Көктем келе жатыр...)

Біз әдеттегідей кітапханаларға шолуымызды жалғастырудамыз. Осы аптаның кейіпкері - А.П.Чехов кітапханасы. Ішінде жөндеу жұмыстары өтіп жатса да, жұмыс істеп, бізге де көп нәрселерді көрсетті. 

Ал бүгінгі отандық интернет журналистика, Вокспопули, қоғамдық проблемалар жайлы белгілі PR маманы Әлішер Елікбаев сұхбаты интернетте жүрген адамдарға пайдасы болар деп ойлаймын. 

Сондай-ақ апта сайынғы қызықты материалдар жайлы жазбамызда атақты театрлар, Байғали Досымжанов, "Мың бір түн", құсбегілік жайлы айтылған. 

"Шоколад адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, көптеген пайдасын да тигізеді екен. Мысалы, онда шарап пен жүзімде кездесетін флавоноидтар бар. Олар жүрек пен қан тамырларына өте пайдалы. Ал бананның құрамындағы көмірсулар мен С дәрумені және минералды заттардың пайдасын айтпаса да түсінікті. Сондықтан, бүгін біз әрі пайдалы, әрі тәтті сусын дайындамақпыз."

дәл осылай "Екпінде" біз жаңа рецепт жарияладық. 

Бәрін айт та, бірін айт, ең бастысы осы аптада алматылық блогерлермен жиналдық. Әдеттегідей, "Сити"-де. Басты тақырып - блогкэмп. Астаналық блогерлердің сұрауларын талқылап, баратын күнді де топшылап қойдық. 

20-шы наурыз күні Құдай қаласа, поездбен шығамыз. Қосыламын деген блогерлер алдын ала айтып қойса:) 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі