Біз кімбіз?!

Біз кімбіз?!
жеке
блог

Біз кімбіз?!

Барлығымызды Алла-тағала бір ананың балаларындай жаратқанда, өзгелерді жақтырмайтындай біз кімбіз?!

Өзгелер:

-   Бір жұтым ас таппай жүргенде, тамақ талғап, ұнамағанын лақтыратындай, біз кімбіз?!

-   Киерге киім таппай жүргенде, аз уақыт киген киімімізді тастауға асығатындай, біз кімбіз?!

-   Ішерге тамшы су таппай жүргенде, тазаланбаған су ішпеймін деп масығатындай, біз кімбіз?!

-   Соғыстың шимағын ширата алмай жүргенде, бар істі Мәке-Сәкемен шешем дейтіндей, біз кімбіз?!

-   Аз ақшаға адал еңбек атқарғандарына мәз болса, әкеміздің ақшасымен өзгелерді басынатындай, біз кімбіз?!

-   Жаңа әлем орнатып жатқанда, ескі әлемнің жоғын жоқтайтындай, біз кімбіз?!