Кім кінәлі?

Кім кінәлі?
жеке
блог

Кейде өзіме өзім сұрақ қоямын. Ойланып, толғанамын. Қазіргі жастар қайда бара жатыр деп. Біз осы қайда бара жатырмыз. Жастардың алған бағыты қандай? Әрине, ең бастысы адамға өмір керек. Өмір сүру үшін не керек екенін түсініп жүрміз бе. Жастайымыздан Санаға сіңгені, «алдымен мектепті бітір, сосын ЖОО-ға түс, диплом алғаннан кейін, сол мамандық бойынша жұмыс істе не жеке бизнесіңді жүргіз, көп ақша тап, ақшаң болса ғана сыйлысың», деген ұғымды қалыптастырып алдық. Енді сол ақша табу жолында не істеп жүрміз? Кім қанша тапса, сонша тапсын, айтпағым бұл емес… Қазіргі жастардың тұрмысы. 

Әсіресе, қалада жұмыс істеп жүрген жастарымыз. Сол жастарда махаббат сезімі қалды ма екен? Көше бойында құшақтасқан екеу, сүйісіп жатқандар, емеурініп жабысып отырғандар да жастар. Интернеттегі жазбаларды оқып отырсаң да жастардың жүрісі мен тұрысы. Әсіресе, алданып қалған жас қыздар. Екіқабат болып қалса, бас салып кінәлап жатамыз, «тәрбиесіз, көргенсіз, әке-шешесі сондай болған шығар, ұяда не көрсе, соны істейді» деп балағаттап жатамыз. Сонда оған кім кінәлі? К І М? 

сурет: qazyna.qazblog.kz