Мектебім сені сағындым..

Мектебім сені сағындым..
жеке
блог

   Сүйікті менің мектебім сені қатты сағындым.. мүмкін кейбір адамдар түсінбес, алайда ең керемет, жарқын балалық шақ мектепте өтеді. Ешқандай артық ойларың жоқ, ең жақын достарың күнделікті жаныңда. Мұғалімдерге еркелеп, сыныптастарыңмен бір жанұя сияқты болу ұмытылмас сәттер ғой..

  Алғашқы және соңғы қоңырауға ерекше дайындық жүргізіп баратынбыз. Екеуі де маңызды. Мұғаліміміз гүл сыйламасақ ренжімеген кейіп танытатын, алайда іштей қатты ренжитін. Бірақ, бәрімізді өз баласындай көретін сол кісіге шын жүректен ризамын.

  11 жыл бойы жаныңда жүрген адамдарды қалай ғана ұмытасың, ешқашанда ұмытпаймын. Бала болғанға не жетсін.. география, әдебиет, қазақ тілі, ағылшын, биология сабақтары.. мектепке ертерек барып сыныптастарыңмен әңгіме құру. Сынып сағаты, мерекелерді тойлауға байланысты туатын кикілжіңдер, сынып жетекшіңі таңдар жүріп сыйлайтын сыйлық, тіпті кигің келмеген форманың өзін қатты сағындым..Туған күнді бүткіл сыныппен тойлау, қоңырау уақытын асханада өткізу, өте қызықты кезеңдер.

  Уақыт өте сағынғаның да басылады екен. Бірақ, ойыңнан ешқашан кетпейді. Әр сыныптастың орны ерекше. Бұрын көшеде кетіп бара жатып, сыныптас ұлдар мен  қыздарды  көріп, тіпті амандаспай кететінбіз, ал қазір көрудің өзі бір қол жетпес арманға айналған секілді.  

   Қазіргі таңда түрлі кездесулер ұйымдастырамыз, алайда оған барлық сыныптастардың келуі мүмкін емес болып жүр. Жан тәніңмен сағынады екенсің.. мектептің жанынан өтіп бара жатып мектеп табалдырығын аттаған 1 сынып оқушылары таңдайлары тақылдап мектеп, ұстаз жайлы тақпақ айтып жатқанын көресің. Тіпті жүрегіңе батады.. 

   Уақыт өте тез зымырап өтіп бара жатқанын түсінеді екенсің.. оны тоқтату қолдан келмейді, мектебім сені қатты сағындым..