Мен қалдым, жаралы жүрегіммен...

Мен қалдым, жаралы жүрегіммен...
жеке
блог

   Аман-есенсіздер ме! Тағы блог жазбақпын. Тағы сол волонтерлық жайлы. Бұл жолы енді алдыңғыдай тегін жұмыс істеген жоқпыз, хехе) А, білмей отырсаңыз, бокстан ерлер арасында АИБА Әлем Чемпионаты болды ғой, Алматының төрінде, Балуан Шолақтың аренасында. Уооот, сол жерде волонтер болдым.

    Басында еріктілерді жинап жатқанда жазылмағам, рубежкамыздың аптасы болғандықтан, сосын рубежканың соңғы күнінде ағылшын тілділер керек болып жатыр деген соң подгруппадан 4 қыз жазыла  салдық. Бүкіл группадан 10 қыз болдық. Сонымен, сенбі күні жұмысқа кірістік. Кім қай жерде тұратынын бөліп жатқанда, спортшылар кіретін есікті таңдап алғам. Жақсы болды. Ағылшыншамды импрувить етіп алдым, аххах. Мұнда да алдыңғы фестивальдағыдай ғо, типа навигатор. Орындарын көрсетесің. Біраз елдің адамдарымен танысып алдым. Танысқанда күнде көріп түрімізді танып алған ғой, әйтпесе 2-3еуінің ғана атын білем) Олар менің атымды ваще айта алмайды. Бір бразилиялықпен танысқанда «Azeren? Are you Algerian?» демесі бар ма?)) Бірінші күні аздап қиналдық, практиканың жоқтығы. Менің міндетім, спортшыларды бұрыштағы сары секторда ұстап отыру, әйтпесе бос қой деп, көрермендерге арналған  секторға өтіп кетеді. Бізге ұрсады координаторлар. Спортшылар түсінбейді оны, менімен ұрсысып. Суретке, видеоға түсіруге болмайды. Талай адамға «злая ведьма» болдық қой. Бірінші күні тұрсам, бір кениялық қара бала «Hey, girl, you look sexy» дегенде жаммаан шошыдым ғой! Құрсеееен. Кетерінде қып-қызыл көздерімен  көзіме тесірейіп қарап: « See you tomorrow» дегенінде ващееееее. Қорыққанымнан «Окей, окей» дей салдым. Ертесіне ешқандай негрмен амандаспай тұр ғо Назеркең)) 

Мынау Италиялық боксер.

 

Доменико Валентино. 2009 жылғы Әлем чемпионы. Осы чемпионатта қола жүлде алды. Уикипедиядан іздесем, алтындары көп екен. Бірақ бізбен дым сөйлескен жоқ, жай ғана жымиып, басын изеп қана қойды. Түсінбедім. 

    Шетелдіктер естелікке значок береді екен. Жанымдағылар сұрап берш, сұрап берш деп қоймаған соң, бірінші күні қытайлардан бір емес төртеуін бір-ақ сұрап алғансың ғой) Воооот сол кезде бір қытайға ғашық болып қалдым) Ертесі тағы келді, қол қысып амандастық, хехе,  ағылшынша түсінбейді, мен де қиналдым, олар да қиналды) Эхх, ағылшынша үйреніп алса қайтеді деп қоям арасында. Әйтеуір көрген сайын «Хэлоу хэлоу» деп қояды, жаны қалмай.

И жәндерім со! Кетті. Мен қалдым. Енді көрмеймін. Өөөө, деп өкіріп жылап отырған жоұпын, құрсын. Қимаймын... Жетіп қойған болу керек үйлеріне. 

     Бір британиялық уай-фай пароль сұрап есінде сақтап қалыпты, көрген сайын “wi-fi password” деп көзін қысып қояды. Сол күйі айтпай қойғам паролді, өзімізге де айтпай қойды ғой.

     Бір жапонмен амандасып жатсам, қазақша «Сәлем, жағдай қалай?» дегенде көзім банка болды)) Басқа ұлттың адамы қазақша сөйлегенде күшті сезімде болады екенсің. Кәрістерді сол кезде түсіндім, Солтүстікке де Оңтүстік Кореялықтарға да кәрісше сөйлеп амандасқанда, қоштасқанда кәдімгідей таңқалып, риза болып қалады. Хех, біз де ризамыз)

     Мен Калли атам туралы айтпаппын ғой. Күшті деген ол деген. Финалдан кейін кепкамызды ауыстырдық. Неміс ата, мінезі қырсық, бірақ сонысымен қызық) Жастардың тілімен әзілдесіп сөйлейді. Күшті, очм) Суретін сосын салам, қыздарда еді, қолым жетпей жатыр. Мынау кепкасы. Қисық кетті, ренжімеңдер.  Атақты боксердың аты жазылған екен. 

    Мұнымен біткен жоқ, айтатын нәрсе көп. Қазақтар туралы отдельный пост! Хехе) Екінші бөлімін күтіңіздер. See  you soon. Хехе)