BlogCampке барасың ба?

BlogCampке барасың ба?
жеке
блог

BlogCamp- биылғы жылы екінші рет өтейін деп отырған қазақ тілді блог жүргізушілердің жиыны. Бұл жиынның мақсаты мен жалпы түсінігі жайлы мына жерден оқып біле аласыздар. 

Егер сізді, өзіңіз қолданып жүрген қазақ тілді интернет сайттарында, блогтұғырларды көптен толғандырып жүрген сұрақтарыңыз, ойларыңыз болса және де сол жерден оқып, көріп ойларына қызығып жүрген блоггерлермен тәжірибе алмасып, ой- бөлісіп араласу ортаңызды кеңейткіңіз келсе онда блогкэмпке қатысыңыз. Блогкэмп- биыл Астана қаласында 22- 24 наурыз аралығында Н.Ә.Назарбаев атындағы университет ғимаратында өтеді. Ол үшін сіз, мына жерден тіркелуден өте аласыз. 

Блог Құрылтайдың 9 ережесі:

1. Блог Құрылтайға қатысушылар шақырылмайды. Тек құлақтандырылады.
2. Қатысуға ниет танытсаңыз, аты-жөніңіз бен презентация тақырыбын тіркеу формасында көрсетуіңіз шарт.
3. Блогыңызда, twitter-де т.б. жолдармен “ Блог құрылтай” тыныс-тіршілігін баяндап жүріңіз. Әрі #blogquryltai2012 деген ілмекті қолданыңыз.
4. Барлық айтылар әңгіме Блог құрылтайға қатысты болуы тиіс.
5. Бір уақытта қолда бар мүмкіншіліктерге қарай мейлінше көбірек презентация болғаны мақұл.
6. Күні бұрын жоспарланбаған презентациялар мен кезбе кісілерге жол жоқ.
7. Презентация қанша уақытты керек етсе (яғни 20 минут), сонша уақытқа созылады әрі қарай кезекте өзінен кейін тұрған презентацияға орнын босатады.
8. Блог құрылтай тәрізді Camp түріндегі жиынға алғаш қатысып отырсаңыз, міндетті түрде презентация жасауға тырысыңыз (бұл, әрине, міндетті шарт емес, бірақ мүмкіндігінше солай істеуге тырысыңыз, не болмаса сұрақ қойып, “BlogCamp: Блог құрылтай” жұмысына белсене атсалысыңыз).
9. Блог құрылтайдың жақсы өтуі тек қана өзіңізге байланысты екенін ұмытпаңыз!

 

Блогкэмп жайлы толық мәлімет алып, күнделікті жаңалықтардан хабардар болам десеңіз BlogCamp сайтын қадағалап отырыңыз!