«Turkvizyon-2013» жылдың басты музыкалық жаңалығы

«Turkvizyon-2013» жылдың басты музыкалық жаңалығы
жеке
блог

    2013 жылдың 15-22 желтоқсаны аралығында осы жылы түркі әлемінің мәдени астанасы атанған Ескішеһир қаласында түркітілдес елдер үшін ең маңызды музыкалық жыл жаңалығы «Turkvizyon-2013» өткізілмек. Әлемдік музыкалық өндірісте үлкен құбылыс болғалы тұрған байқау түркі музыкасының өкілдерін бір сахнада тоғыстыруды мақсат тұтады. Байқаудың аудиториясы үлкен – 300 миллион көрермен.  

Жобаның тұсаукесері 20 қыркүйекте Түркияның Ескішеһир қаласында өткен болатын. Ол жерде   түркітілдес халықтар мекендейтін 20 мемлекеттің өкілі «Turkvizyon» байқауына қатысу туралы келісімге қол қойып, байқаудың ақтық мәресін тікелей эфирден көрсетуді мойындарына алды. «Turkvizyon» ән-додасының бастамашылары – ТMB TV түрік телеарнасы мен түрік мәдениетінің халықаралық ұйымы TÜRKSOY.

 

«Turkvizyon» байқауының ерекшеліктері:

  • «Turkvizyon» - халықтық дауыс берудің әділдігі мен қорытындының ашық болу принціпін таңдаған, саяси, кәсіби қысымнан тәуелсіз бірінші музыкалық байқау.
  • Бұл ешкімге ұқсамайтын, алпыс жылдық тарихы бар «Евровидениеге» көрініс, ауқым, техникалық жабдықталу жағынан есе жібермейтін думан болмақ.   
  • «Turkvizyon» - заманауи эстрадалық әннің теңдессіз фестивалі, қатысушылар жағрафиялық бөлініске қарап емес, шығу тегіне байланысты қатысады. Фестивальға жер шарындағы түркітілдес кез келген азамат қатыса алады.

 

   «Turkvizyon» байқауына түркі мәдениетінің әлемнің әр түкпіріндегі өкілдері түгел қатысады: Әзірбайжан, Алтай Республикасы, Башқұрстан, Беларусия, Босния мен Герцеговина, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Македония, Молдова, Қырым Республикасы, Солтүстік Кипр, Татарстан, Түркменстан, Түркия мен Өзбекстан.

 

«Turkvizyon» байқауының мақсаты мен міндеті:

* Түркі жұртының мәдени, материалды мұраларын сақтау, дамыту және болашақ ұрпаққа жеткізу үшін түркітілдес халықтар арасында тығыз қарым-қатынас жасау, сонымен қатар түркітілді орындаушыларды қолдау және олардың бейнебаяндарын Түркия мен басқа мемлекеттерде жариялау. 

 

*​ Орталық Азия мен Қазақстан музыкасын танымал ету және дамыту;

 

* Әлемдік және ТМД музыка нарығында Қазақстан музыкасын дамыту;

 

*​ Мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру;

 

Қазақстандық іріктеуде еңбегі сіңген музыканттар, ақындар мен композиторлардан құрылған 10 сарапшы әділқазы 12 үміткерді таңдап алады. Олар Түркияда өтетін ақтық мәреде еліміздің атынан өнер көрсетіп, әнін халықаралық дәрежедегі бәйгеге қосу үшін өзара бақ сынасады.

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

Іріктеуге төмендегі талаптарға сәйкес келетін кез келген үміткер қатыса алады: 

  • орындаушы 18 жастан асуы керек;
  • Туған тілінде заанауи эстрадалық әнді кәсіби деңгейде орындай алуы керек;
  • Осы байқау үшін арнайы жазылып, ешқашан, еш жерде орындалмаған әнді ұсынуы керек;

 

*қатысуға тілек білдіруші кез келген адам 17-27 қазан аралығында  www.turkvizyon.kz сайтында сауалнама толтырып, қазақстандық іріктеу кезеңіне қатысуға өз өтініштерін қалдыра алады.

 

Ал қараша айының аяғында 2012 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы болған Астана қаласындағы Орталық концерт залында тікелей эфирде өтетін SMS-дауыс беру арқылы қазақстандық жанкүйер жылдың басты музыкалық байқауы «Turkvizyon-2013»-те еліміздің намысын қорғайтын басты әнді таңдап алады.

 

«Turkvizyon-2013» ән фестивалі 3 кезеңнен тұрады: екі жартылай финал және ақтық мәре. Бұл жылы жартылай финалдар 15-22 желтоқсан аралығына белгіленген. 12 қатысушыны таңдап алатын ақтық мәре 21 желтоқсанда болмақ.