ақын қыз Танакөз Толқынқызынікі

ақын қыз Танакөз Толқынқызынікі
жеке
блог

Мына әлемге керек Ауа, керек Күз,

Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз.

Мені біреу сүйсе деймін жай ғана,

Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.

Сүймесе екен ұнаған соң кескінім,

Және көңіл көтерген соң кешқұрым,

Сүймесе екен қалмаған соң ешкімі,

Сүймесе екен қажытқанда ескі мұң...