Сағымға айналған Махаббатым!

Сағымға айналған Махаббатым!
жеке
блог

"Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар" деп Абай атамыз жырласа, бұл күнде бұл сөзді біреу ұғар, біреу ұқпас. Қазіргі уақытта бұл термин сөз ретінде ғана қолданылып, іс-жүзінде орындалуы өте сирек кездесіп жататын сыңайлы. Әрине, махаббат түрі көп, алайда мен екі жас, яғни қос ғашықтар жайлы айтып отырмын. Осы жерде өзімнің жеке сырыммен бөліскім келіп отыр. біреуге сабақ, біреуге жай ғана мыжың сөз болып қалар. Бірақ, мен үшін өмірімдегі ең аяулы сәттер:

Осыдан  екі жыл бұрын, есті жия алмай, шашты қайыруды, аяқ киімді майлауды ғана біліп жүрген уақыт болатын. сұлу көрсем ми айналып, ақыл естен айырылып ғашық бола салатынбыз. Сонда, ойлаймында шын сүйердей жүргеніммен суйе алмай айырылысып жатамыз. Сонда "махаббат осы ма?" дейтінмін. Осылай қызық болып көрінген күндер өте берді. агентке кіремін, өлең жазамын! Бір күні досымның үйіне бардым, сонда екеуміз бірдей оның компьютерінде агентте отырғанбыз. Сонда әлгі досыма бір қыз хат жіберді. Екеуі ұзақ сөйлесті. Маған қызық болып көрінде де кім екенін сұрасам, "-а, жай бір танысым, аға деп сөйлейді" демесі бар ма! Содан мен логинін алдымда авторизация жібердім. Сол күннен бастап сөйлесіп жүрдік. Ол Жетісайда, мен Түркістанда! Маған оның сөздері ұнады. баяғы әдетімше ұсыныс салдым, ол да қабылдай салды! Біз осылайша өмірдің жаңа парағын аша бастадық. Ол жаз мезгілінің басы, мамыр айының соңы болатын! күнде телефонмен сөйлесеміз! Бір күні ол маған почта арқылы хат жолдады! Маған қатты әсер етті! Күннен күнге ынтығым ауып, сөйлескім келеді де тұрады. Оның бір қасиеті сөзімді екі етпейді, қанша ашулансамда еркелеп қана сөйлеп тұра беретін. жаздың соңы. ол сол жылы оқуға түскен Шымкентке.

      Бір күні маған "үйдегілер мені тұрмысқа бермекші" деп бастады. Содан уайым басталды, не істеймін? кімге барып не сұраймын? бәрі бұлыңғыр. Соңғы шешім қабылдадым."әлі көрмегем, ол да мені. Бұлай болмайды мен бәрін ертерек тоқтатамын" дедім де, оған да осыны жеткіздім. Себебі баянсыз болып көрінген.

     Айтқан күнімнің ертесіне оқу орныма әлгі қыз келіп тұрмасы барма, яғни Түркістанға! Ол өмірінде келмеген ғой мұнда! Бойы орта, шашын жайған, көздері мөлдіреп,маған қарап күлімсіреп ренжігенін де білдіріп қарап тұрды. Мен шын ғашықпын, құдай-ау мына қыз менің өмірімдегі бағалым ғой! Мен содан кейн баріне тәуекел еттім. Шымкентке де барып қайттым ол үшін. Екінші рет көргеннен кейн ол қызды мүлдем көрмедім де, дауысында естімедім. Себебі тұрмысқа шығып кеткен болатын! Міне, содан бері мен ғашық болған гүл өзгенің бақшасында жайқалып сала берді!

  Ғашық болу мен үшін қазір қиын болып кетті. Келбеті ұнағанымен, жан дүниесі ұнамай жатады! МЕН МАХАББАТҚА СЕНЕМІН, ОНЫ ҚҰМАРЛЫҚТАН БӨЛІП АЛАМЫН!