"Жұлдызды әуендер" ән кешіне билет ұтып алыңыздар

"Жұлдызды әуендер" ән кешіне билет ұтып алыңыздар
жеке
блог

Құрметті достар!

Баршаңызға жалынды сәлем дей отырып, сіздерді 23 қазан өтетін "Жұлдызды әуендер" ән кешіне шақырамыз. 

Бұл кеш жайлы мына жақтан оқи аласыздар.

Ал кеш ұйымдастырушылары, яғни СТВ арнасы массагеттік достары арасында байқау жариялайды. Байқау жеңімпаздарына концертке екі билет сыйлайтын боламыз. 

Байқау шарты келесідей. Барлықтарыңызға белгілі СТВ арнасында ұлттық мұраны дәріптейтін "Қазақ халқының салт-дәстүрлері" атты бағдарлама бар. Бұл бағдарламада еліміздің салт-дәстүрлері айтылады. Байқау аясында сіздерге әдет-ғұрыпқа қатысты бес сұрақ қойылады. Сұрақтарға дұрыс жауап берген жандар жеңімпаз болып танылады. Сұрақтар жауабын stvarnasy@gmail.com электрондық мекен-жайға жіберу қажет. 

Олай болса, сұрақтарға көшейік:

1. Жас жұбайларға арнап тігілетін шымылдық құру дәстүрінің мәні қандай?

2. Бала сатып алу дәстүрі қалай жүргізіледі?

3. Жиен-құрық дегеніміз не?

4. Домбыра күйлері қандай топтарға бөлінеді?

5. "Шалғы салу" дәстүрінің мәні қандай? Ол дәстүр қай кезде орындалады?

 

Сұрақтарға дұрыс жауап беру аса қиындық тудырмайды деген ойдамыз. Жеңілдік болсын деген мақсатта сіздерге бағдарлама мұрағатына зер салуға кеңес береміз.