Кеш үйлену

Кеш үйлену
жеке
блог

                                     Кеш үйлену

   Қазіргі таңда жастар арасында еуропадағадай кеш үйлену бет алып бара жатыр. Бұл еуропалықтарға тән болғанымен, қазақ менталитетіне  жат. Біздің ата-бабамыз “13 жаста отау иесі” деп бекер айтпаған, себебі көшпелі қазақ халқы бала туылғанда бірден атастырып қоятын, 13 жасқа келген сәттен бастап, ыңғайы келгенде ұлын ұяға , қызын қияға қондырған.

   Ал қазіргі кезде жастар тұрмыс құруды ысырып қойып жатады. Біреу еуропаға еліктеп, заман талабына сай өмір сүру деп ұғыңса, біреуі оқуымды бітіріп, жағдайымды жақсартамын, ата-анама масыл болмайын дейді де созып қалады, ал басқа біреуі маңсап құрып, жеке өміріне көңіл бөлмей, кештетіп алады.

   Қазақта “темірді қызғанда соқ” дейтін нақыл сөзін осы сәтте де еске аласың. Негізі қыздардың тұрмыс құратын уақыты 22-23 жас аралығы болса, жігіттердің жасы 25-27 деп ойлаймын. Осы сәтке дейін жалғыз бастылыққа әбден қанып алып, салмақты өмірге алғашқы қадамдарың басып, өмірдің солы мен оның таңып, ой-өрісінің, сананың дамыған шағы. Сондықтан да уақытылы тұрмыс құрып, отбасылық бақытты сезінуге асықпауға да, кешіктіріп те алмауға тырысайық.