Оқи отырыңыз

Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Мен Мұңды сүйем...

Мен Мұңды сүйем...

Мен Мұңды сүйем...

Мен мұңды сүйем.

Өйткені гүл орнына мұң сый еттің,

Жел қуған жапырағымын қыркүйектің

Арамыз толысты да

Жоқ, әлде сезімдер соғысы ма,

Қайтуға құс ұшқанда,

Әйтеуір, махаббат тоғысында

Сен мені қоса ұштың

Қалдырып жанына мұң жиектің.

 

Содан бері

Сенен алған хабарым да сирек тым,

Нені үйрендім, кімге сүюді үйреттім.

Кей сәттерде жанарымнан жарқыл атып қуансам -

Жатырқадым бақытымды, шын күлкіні сүймеппін.

Содан бері, содан бері мұң жастығын құшақтап,

Содан бері жалғыздықтың жоқ шанасын сүйреттім.

 

Мен мұңды сүйем.

Сенен алған мұң болды еншім менің,

Қызықтауға жетпесін, жетсін демім

Ендігісін қалдыр да бір өзіме

Сонау күнгі күздің сұрғылт кезінде,

Құстарменен алып ұшқан Есілге,

Мұңыңды ертіп алып кет те өзіңмен

Бақытымды кері қайтар өзіме.

 

Мен мұңды сүйем.

Маған тартқан мұң еді сенің сыйың.

Содан бері құлыпқа түсіп жүрек,

Сезіміне өзгенің салдым тыйым.

Жапонның басқарылған роботындай

Бағыныш боп қалған ба, қалай миым?...

Сені ғана ойлаймын ешкім жоқтай,

Жат болғандай жайына қалды үйім.

Мына шексіз ғаламда өзің ғана

Билеушім де сен болдың, әділ биім.

Сұрағанға сұраумен жауап бердім,

Мен, әйтеуір, себепсіз сені сүйдім.

 

Ой толқыны тербеген теңіздейін,

Білсең деймін ендігі мендік түйін.

Төзе аламын, көрінсе қанша қиын

Күз ғана емес, босатып төрт мезгілде

Құс жолымен самғай ғой, мәңгі қидым.

Қайығымды бұрам да өзге арнаға,

Ескегі боп адалдың есілейін.

Роботтың махаббатын қаламаймын,

Тек адамша келеді енді сүйгім....

Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 17 ақпан 2012, 16:55
Пікірлер
+0
17 ақпан 2012, 17:31

сіз сияқты мұңды сүйетіндер ғой біздерді шаттықтан айырған.....

+0
17 ақпан 2012, 17:34

Айгерім, тауып айттыңыз. )))

+0
17 ақпан 2012, 18:38

Өмір сол

+0
17 ақпан 2012, 18:39

Сіз де құр жүрмей біреуге мұң сыйлап жүрген боларсыз

+0
17 ақпан 2012, 19:04

Мүмкін.........

+0
17 ақпан 2012, 19:20

Әсерлі екен өлең.....мұңды өлеңді оқып, мұңайып қалдым(((((( өткен мұңды күндерің еске түсіп кетеді екен......

+0
18 ақпан 2012, 09:09

ия, керемет айтылыпты (

+0
18 ақпан 2012, 11:31

Бұл өлең Фарабидің өлеңі боп кеше жарияланып еді. Техникалық қателік кеткен болар. Әлде осы екеуінің бір жасырғаны бар...

+0
19 ақпан 2012, 13:49

Ардақ, тырнақ астынан кір іздеуіңізді қашан қоясыз?))) техникалық қателік дегеніңіз орынды

+0
21 ақпан 2012, 11:10

дурыстап сойле, карындасым, онда турган не бар екен.

+0
22 ақпан 2012, 12:52

Қалжың түсіне алмайтын адам қалжыңдамауы қажет негізі, аға!

+0
24 ақпан 2012, 11:11

мен түсіне алмайды екем...? жарайды, сенікі дұрыс

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.