Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бала күнімнің куәсі (Lee Yo Ma ver.)

Бала күнімнің куәсі (Lee Yo Ma ver.)

Бала күнімнің куәсі (Lee Yo Ma ver.)

Aizhan Tabyn  ханымның бастаған эстафетасын жалғастырғым келді. Енді балалық шағым дейтіндей қатты өсіп кеткен жоқпыз ғо хехе) Менің балалық шағым қарайым болып өтті. Кішкентай кезімдегі киімдерімді суретке түсіріп көрсетейін десем, қазір туған қаламда емеспін. Бірақ қызықты оқиғаларды айтып берейін)

Шамамен, бірінші сыныпқа бармай тұрған кезім. 5-6 жаста шығармын. Содан көрші балалар (жастары менен үлкен сол кезде) жаяу саяхатқа шықпақ болды. Маған "барасыңба" деді, сол кезде кішкентай балаға "барасың ба?" депп... Ақымақтар я? Содан қатты барғым келді. ҮЙдегілерден сұрадым. Жауабы белгілі ғой, 5-6 жастағы баланы жасөспірімдермен саяхатқа жібересіз ба?  

Бірде барлығы рюкзактарын артына асып алып, подьездің алдында тұр екен! Не істеймін? Қой, бірге кеттім! Көп болса бір таяқ жермін!

Содан Жаңаөзеннен шығып кеттік. Қазақ жері шіркін кееең ғой, жаяу кеең далада жүріп келе жатырмыз. Темір жолдан да өттік. Таусылатын түрі жоқ. Содан бір жерге кілемшемізді жайдық та, демалып отырыңқырадық. 3 жігіт, 1 қыз және мен, 5еуміз болдық. Отыра беремізба осылай? Жүр ана жақтарға барып келейік? 

Жалғыз қызға қызанақ пен қиярар салат жасап қой деп, 4 жігіт кеттік) Бараз жүрдік. Анау жерде қызыл көлік не істеп жүр екен ай далада? Өй қойшы, қайтайық, салатымызды жейік дедік. Айналаға қараймыз. Кілемше де, қызда көрінбейді. ОМГ! Адастық! еее, сабыр сабыр! Төмпешік бар екен анау жерде. Соған мініп көрейік! Сөйтіп қайтадан қызға келдік. 

Кеш түсе бастады. Қайтайық енді. Түһ тегі! қайтадан жаяу барамыз ба? Көлік жүретін жолға дейін жаяу барып, таксимен бара салайық қалаға! Сөйтетін болдық.  

Хехе таксиге ақша бар ма? Жоқ, әрине. Ой қатырамыз! "Ағай, тегін апарып тастаңызшы, жаңа таксиге ақша қалдыруды ұмытып, бәрін жұмсап жіберіппіз" деп айта саламыз ғой. Бірақ ай далада қай дүкенге барып жұмсадық ақшаны? хехе! Көліктердің саны да шамалы екен. Әрқайсысына қол бұлғаймыз. Әйтеуір, біреуі тоқтап, бізді тегін алып кететін болды))))

авпр

 

Үйге келсек, подьездің алдында бүкіл Жаңаөзен тұр бізді күтіп! хд )

Тіпті, қасымдағы мені бірге ала кеткен қыз-жігіттердің де ата-анасы тұр. Ұрса бастады. Түсінбей жатырмын. Мәссаған, олар да сұранбай кетіп қалыпты. Сөйтіп бәріміз бір таяқ жегенбіз.

 

Кейін білдім, бағанағы қызыл көлікті. Мамам қызыл көлікке отырып, мені іздепті. Қатты қорыққан шығар)) 

P.S. Үйдің кішісі болған соң, солай еркее боп өстік ))

7
Рейтинг: +4

Жазылған уақыты: 08 қазан 2013, 00:25
Тегтер: LEE YO MA

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.