Жастар Әл-Фараби бабамыздан үлгі алса... (мақала)

Жастар Әл-Фараби бабамыздан үлгі алса...  (мақала)
жеке
блог

 

      Жастар Әл-Фараби бабамыздан үлгі алса...  (мақала)

 

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,

Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

Үлкен болып қалу үшін ғаламда,

Үлкен арман керек екен адамға,-

деп М. Шаханов ағамыз жырлағандай өз алдына үлкен мақста қоя білген, соған жету үшін талпынған, және сол жолда тер төгіп еңбек еткен адам ең үлкен адам. Осы орайда мен Әбу-Наср Әл-Фараби бабамыз туралы айтқым келеді. Ол өзінің даналығымен жастайынан зерек, алғыр, сөзге шашен, тапқырлығымен көзге түседі. Отырар қаласының бай кітапханасын аралап, ондағы ғұламалардың еңбегімен толықтай танысады. Бағдадқа барар алдында Шаш, Бұқар қалаларында білімін жетілдіріп алмақ болады. Жас кезінен араб, парсы, қытай, грек т.б тілдерді толық меңгерген, сонымен қатар өзінің білімге құштарлығының арқасында жетпіске жуық тіл білген. Анасының тірі кезінде әкесі оны үнемі жанынан тастамай, оған құс атып, аң аулауды үйреткен.Соның арқасында Әбу Наср құралайды көзге атқан мерген де болған.

   Құлақтан кіріп бойды алар,

   Жақсы әнмен тәтті күй.

   Көңілге түрлі ой салар,

   Әнді сүйсең менше сүй – деп қазақтың қайталанбас ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, әбу Наср бабамыз әнді жанындай жақсы көретін болған. Өзі де музыкаға біртабан жақын болып өсуінің арқасында ол ән айтқанда хан да, сұлтан да тамсанып, таңқалып тыңдайтын еді. Өзінің шеберлігі арқасында ол өзіне қыпшағы (домбыра) жасап алған. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, осындай сансыз қырымен сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі, бір сөзбен айтқанда жан-жақты талант иесі.

   Ол шығыс классиктерін толықтай зерттеп, араб, парсы, үнді, қытай, халдей тіліндегі ұлы жазушылардың еңбегімен танысып,  солардың шығармаларын оқи отыра өзі де  бірнеше трактаттар мен өлеңдер жазған. Ол философия, саясаттану ғылымымен айналысқан ұлы ғалым және Аристотельдің шығармаларын тереңірек зерттеп, оған талдау жасаған.  Оны халық «екінші ұстаз», яғни, « екінші Аристотель» деп атаған. Оның әкесі бастан аяқ бір құранды білсе ғана болды емес пе, қайдағы шимай-шатпақтарды парақтап отырғанынан не пайда? деп оны өмір бойы ғылым жолын қуып кете ме деп қорқады. Бірақ Әбу-Насрды Отырар оқымыстылары оған сенің ұлың асқан дарын иесі, керемет ғалым болайын деп тұр дегенде әкесі оған бір қуанып, масаттанып қалушы еді. Оған дәлел оған өзінің сүйікті Бәнуіне айтқан сөзінде «Махаббаты бұғаулап тастауға, оған опасыздық жасауға болады. Ал, білім болса, сенің ақылыңмен ақыл-ойыңның ғұмырлық серігі, ол ешқашан опасыздық етпейді, тек жаңадан қосылған болса, бұрынғыңды толықтыра, яки жаңғырта, өзгерте түседі. Молайған сайын сені де қанаттандырып, өле-өлгеніңше бойыңда сақталады»-деп Бәнудің қойған сұрағына осылай жауап береді.

   Ол осынау өмірін ғылым мен білім жолына арнады. Ол дүниенің бар рахатынан безініп, бар өмірін ғылымның шексіз тереңіне бойлай, білім кемесіне мініп алып, ұлы тұлғалардың өмірін өзіне үлгі ете отырып, бар өмірін еңбек етіп, тер төгумен ғылым жолын ізденуге сарп етті.

    «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» деген емес пе, сөзге шешен дана халқымыз. Соны ескере келе әбу Наср бабамыздың ғылым жолына өз үлесін қосарда табанын тоздырып бүкіл әлемді шарлап,  ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгергені үшін кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, өлмес мұра, ең құнды асыл қазына деп ойлаймын. Оның аманат етіп қалдырған ең ұлы шығармаларын, әлі де зерттелмей жатқан ұлы мұраларын терең зерттеп, келешек ұрпаққа жеткізу болашақ жастар біздің еншімізде. Және жастарды уақытын бос, пайдасы жоқ тірлікке емес, уақытын тиімді падалануға, біздің ұлы бабамыз Әбу Насрдың қайталанбас ғажап туындыларымен танысып содан үлгі алар жастарымыз көп болса екендеп тілеймін.

 

                                                        Тоқшылықыова Айжан Каналбекқызы