Интернеттің анама берген пайдасы.
блог
Осыдан 2жыл бұрын анам бізге " бірге оқыған құрбымды іздеп тауып бере аласыңдарма" деген еді. Біз мән бермедік әдепкіде, құрбың агентке кірмейді оны қалай табамыз деп айтты0. Бір күні ойыма ой түсе қалып, анама айттым "құрбыңыздың балдарының атын тегін білесізбе" дедім. Анам біледі екен балдарының атын тегін. Құрбысымен оқуды бітіргеннен кейін бір-бірін көрмеген, тек осындан 15-20жыл бұрын құрбысынан 1-ақ рет хат келген от басы суретімен, одан кейін хабарсыз қалдық заман әлегімен. Мен баласының атын тегін жазып интернеттен іздеп мирдан тауып алдым. Бірақ соның баласыма әлде аттас біреуме деп толық сенбей хат жазып жібердім былай "сіз осындай кісілердің баласысызба, егер сол болсаңыз осы номерге анаңыз хабарлассын мен құрбысының баласымын" деп жаздым. Ертесіне мамасы қоңырау шалып анама екеуі арқа-жарқа болып қалды. Тек өкініштісі ол уақытта менің әкем ауырып жатыр еді, сондықтан қатынау мүмкін болмады. Одан кейін әкем өмірден өтті арада 2жыл өткен соң ғана мүмкіндік болып анамды Шұрайлы Шымқалаға мінгізіп жібердім құрбысына. Қазір Шымкент қаласында құрбысымен бірге әңгімелері бітпей жатырған болу керек. Негізгі айтайын деген қызықты айтайын, анам құрбысының үйінде альбом көріп отырса менің әкемнің әскердегі суреті жүр екен. Анам таң қалып сұрапты "мынау менің шалымғой бұл қайдан жүр" деп - сөйтсе сол үйдегі кісінің інісі Маңғолияда әскерде бірге болған екен менің әкеммен. Өкініштісі анам барғаннан соң біліп отыр құрбысының қайын інісімен әскерде менің әкем бірге болғанын және құрбысыда суреттен білді. Негізі менің әкемді анамның құрбысы танымайды және көрмеген өмірінде. Осыдан бірнеше жылдар бұрын құрбысын тауып берсек әкемде осыдан 45жыл бұрын әскерде бірге болған досын табады екен. Интернетің міне пайдасы .