Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Артық болмас білгенің...

Артық болмас білгенің...

Артық болмас білгенің...

Егер бойыңызға көңіліңіз толмай, сырт көзге биік,бойшаң  көрінгіңіз келсе, төмендегі кеңестер СІЗГЕ арналады:

*Киім сатып алар кезде, жолақты түрлерін таңдаған дұрыс. Қандай да жолақ болмасын,мейлі кестелі,мейлі классикалық үлгіде,әйтеуір айнадан қарағанда «сәл ұзарған» бойыңызды байқасаңыз болғаны... Өйткені, тік жолақтар сән беріп қана қоймай, мүсініңізді ұзартқандай кейіп көрсетеді. 

*Жейде, пиджак топтамаларындағы кеуде тұсынан  жағынан түймеленетіне /соның ішінде найзағай тәріздес/ назар аударыңыз.

*Бүгінгі таңда жаңа сән үлгілеріндегі V-үлгісіндегі қиықты кеудешелерді /свитер/ таңдаңыз. Өйткені, кеудешенің бұл түрі кеуде тұсыңызды ұзартып көрсетеді. Аталған топтама түрлеріне сәйкес биік өкшелі аяқ киім таңдауды да ұмытпаған жөн.

*Бойыңыздың биіктігін де дұрыс пайдаланған абзал. Айталық, жүрген кезде бүкіреймей, арқаңызды тік ұстауға мұқият болыңыз. Бұл сырт көзге тал бойыңыздағы сенімділікті байқатады.

* Сәнді аксессуарларды да орнымен пайдалана біліңіз. Жібек бөкебайлар, салпаншақ тік сырғалар, ұзын алқалар, моншақтар- бір сөзбен айтқанда, олардың да бойды биік етіп көрсетуге көмегі бар екен. Тек киіміңізге сай қолдансаңыз болғаны. Жаздыкүнгі күннен қорғайтын көзілдірік, тіпті шашыңызға қыстыратын сәнді құралдардың да тік үлгілерінің сымбатыңызға  қосар үлесі зор.

* Жақсы сапалы шалбарлар,сіз биік өкшеде тұрсаңыз да, жерге дейін ұзын болғаны жөн. Классикалық үлгідегі шалбарлар сырт көзге үнемі биік етіп көрсетеді. Ал сән үлгісіндегі каприлер, аласа бойлы арық қыздарға аса келе бермейді. 

*Бірақ, биік өкшенің көмегімен ұзын көріну әлдеқайда жеңілірек.Алайда,  біз өкшеге қызығамын деп, аяғыңыз зиян шегіп қалмасын. Үнемі биік аяқ киімнен шаршасаңыз, жайлысын киіп,ауыстырып тұрыңыз. Әр әйел адамның гардеробында түрлі жайттарға қажет аяқ-киім болғаны дұрыс. Қысқы, жазғы, ашық, сұр,қара т.б.

***Кеңестерді пайдалану қолымнан келмейді десеңіз, алаң болаңыз. :) Өзіңіздің сымбатыңызға сай көйлек, костюм киіп, оған лайық аяқ-киім мен аксессуарлар таңдасаңыз жеткілікті. Жарасымды түр-тұлғаңыз бірден көзге түсіп, бойыңызға ешкім көңіл бөлмей де қалады.

 http://www.wmj.ru/ журналынан аудардым

 ***материалды қолдансаңыз, vkototy.wordpress.com сілтемесін көрсетуді ұмытпаңыз!

 

9
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 16 ақпан 2012, 14:03
Тегтер: сән, ұзын бойлы, тік жүру, талғаммен киіну

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.