Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ақ ит пен қара ит

Ақ ит пен қара ит

Ақ ит пен қара ит

Немересімен күн шуақта отырған қарт сонадай жерде бір-бірімен ырылдасудан-ақ шаршамайтын екі итіне сырттай көз тастап отырды. Екі иттің біреуі қара, біреуі ақ еді. Бала ес білгелі әлгі иттер атасының ауласында ылғи да ырылдасып жататын. Неге екені белгісіз, бұларды атасы қасынан бір елі ажыратқан емес. Бір үйді күзеткенге бір-ақ ит те жетпей ме, екеуінің түрі неліктен екі түрлі деген ойлар бала санасын көптен бері мазалап жүргендіктен осы жолы ептеп атасынан сұрауды жөн көрді.

 Немересінің қойған сұрағына еріксіз жымиған қарт әуелі оның арқасын сипап біраз отырды, сөйтті де:- Олар мен үшін екі белгі, балам,- деді асықпай  жұмбақтаған күйі.

Бала әлі де түсіне қоймағандықтан:- Ненің белгісі, ата?- деп қайта сұрады.

- Жақсылық пен жамандықтың белгісі,- деді қарт немересіне ендеше ол жайды бір тәптіштеп түсіндіріп қояйын деген кейіппен,- Тура мына сен көріп отырған әлсін-әлсін өзара ырылдасқан иттер секілді адам бойында жақсылық пен жамандық та ылғи бір - бірімен айқас үстінде жүреді. Бұларға қараған сайын мен соны еске аламын, сол үшін де оларды ылғи өзіммен бірге ұстаймын...

   Бала айқаста әйтеуір біреу жеңер болар деген ойын жасыра алмастан балаға тән сұрағыш кейіп танытты:

-Ата, сонда бұлардың күресте қайсысы жеңеді? Қарт жүзі қайта күлімсіреп:

- Е-е, балам-ай,- депті сонда,- қайсысына көбірек болыссам, сөзсіз сол жеңеді...    

Бір іске тап болғанда кейде іштей көп ойланып тұрып қалатынымыз бар. Сондайда адам жамандыққа бастайтын нәпсіден гөріжақсылыққа жетелейтін ақылға жүгінгені жөн.

1826 6
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 16 ақпан 2012, 13:18
Пікірлер
+0
16 ақпан 2012, 13:53

кермет ақыл екен, бірақ ашу үстінде тұрғанда, сабырға келіп, ақылмен ойлау қиындау болып жатады))))))

+0
16 ақпан 2012, 14:04

Жақсы теңеумен жазылған ойтолғам! Үйімізде болашақта ақ арландарды асырайық, әлбетте...

+0
16 ақпан 2012, 16:27

әдемі екен, ой салды

+0
16 ақпан 2012, 16:37

Әдемі жазба. Ойландырады.

+0
16 ақпан 2012, 20:03

ия, расында жақсы мысал келтіріпті.........

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев