Әлемнің ең қымбат бренді белгілі болды

Әлемнің ең қымбат бренді белгілі болды
жеке
блог

Әлемге тауар белгілерінің яғни брендтердің бағасы мен табысын зерттеуде танылған «Interbrand» компаниясы 2013 жылдың үздіктерін жариялады. Жалпы 25 елде 40 кеңсесі бар бұл компанияның жасаған биылғы тізімінде айтарлықтай өзгерістер орын алған.

Әлемнің ең қымбат брендтер тізімін 2013 жылы бренд құнын 28%-ға арттыра білген «Apple» корпорациясы бастап тұр. Құрылғаннан бері 600 миллион өнімін сатқан «Apple» тауар белгісінің құны 98.3 миллиард доллар болды.

«Interbrand» тізімінің екінші сатысы «Google-ге» тиесілі болды. Бренд құны 34%-ға өскен «Google» тауар белгісі 93.2 миллиард долларға жетті.

13 жыл бойы ең қымбат бренд деп танылған «Coca-Cola» тауар белгісі бірден екі сатыға төмендеді. Бренд құнын тек 2 %–ға ғана аттыра алған компания «Apple» мен «Google-ді» алдыға жіберіп 3  орынды місе тұтты. «Соса-Соla-ның» құны 79.2 миллиард долларға тең.

Жоғарыдағы үшеуімен қатар IBM, Microsoft, Diversifield, McDonalds, Samsung, Intel және Toyota сынды компаниялар ондықтан көрінді. Сонымен қатар тізім қатарынан Dıscovery Channel, Duracell және Chervolet сияқты компаниялар алғаш рет орын алды.