ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРІНІҢ АРҚАСЫНДА ӘЛЕМ МОТОРСЫЗ МАШИНА МІНЕТІН БОЛАДЫ.

ҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРІНІҢ АРҚАСЫНДА ӘЛЕМ МОТОРСЫЗ МАШИНА МІНЕТІН БОЛАДЫ.
жеке
блог

Мен осы жаңалықты 2011 жылы газеттен оқып қалып едім. Бүгін есіме түсіп интернеттен тауып алдым. 

Аманкелді ШортанбаевБақыт ЖАНШАЕВАМОТОРСЫЗ МАШИНАҚАЗАҚ ИНЖЕНЕРІ

 

Ақтөбелік Аманкелді Шортанбаев «кез келген көлікті жанармайсыз жүйткітіп, тұрмыстық техника құралдарын электр қуатынсыз жұмыс істетудің жаңа әдісін ойлап таптым» дейді. Ол үшін барлық техника құралдарының жүрегі – моторды екі түрлі бағыттағы магнитпен алмастырса жарайды деп санайды.

Жоба авторының түсіндіруінше, көліктердің оталып, жүруін қамтамасыз ететін моторымен қоса, әртүрлі қосалқы бөлшектердің мүлде қажеті жоқ. Тек оңтүстік және солтүстік өрістегі магнит қана керек. Екі түрлі бағыттағы магниттер қатар орналастырылса, техника өздігінен жылжиды екен. «Бір көлікті орнынан қозғау үшін 50 шақты шағын магнит қажет» дейді идея авторы.

Аманкелді ШОРТАНБАЕВ, ақтөбелік өнертапқыш:

– Жабысқыш қасиетке ие металдар пластик дис кіге орналастырылады. Магниттегі әсерлер қазіргі көліктің күшінен де мықты екпін береді. Демек, қа зір гі жеңіл көліктердің жүру жылдамдығы да бірша ма артады деген сөз. Сосын көліктердің қоршаған ортаға ешқандай залалы болмайды. Содан кейін магнит өрісімен қозғалатын техника жанармайды да қажет етпейді. Басқару қондырғылары рет-ретімен тізбектелсе, көліктің сапасы да жақсара түседі. Көлікке қосалқы бөлшектерді жиі алмастырудың қажеті болмай қалады.

Өнертапқыштың айтуынша, көлікке стартер мен ротордан басқа қосалқы бөлшектер керек емес. Дәл осылай екі түрлі магнитті кез келген техникалық құралға қондыра салуға болады. Мәселен, үйдің шатырына осындай жобадағы генератор қойып, бір үйге қажетті энергия көзін де содан өндіріп алуға мүмкіндік мол. Бұл да қарапайым тұтынушылар үшін су тегін энергия көзі. Инженер өз жобасы жүзеге асса, болашақта көшелерде электр бағаналары болмайды, Үкіметке де артық шығындалудың қажеті жоқ деп санайды.
Ендеше, әлемде бірінші болып адамзат үшін ең тиімді жобаны ұсынып отырған инженердің қолын байлап отырған не? Аманкелді Шортанбаевтың қолында жоба ның компьютердегі түпнұсқасы немесе сызбасы ғана бар. Теория жүзінде әбден зерттеп, зерделеген құрастырушы оны тә жір бие жүзінде сынап көргісі келеді. Өзі ой лап тапқан жобаны іске асыру үшін ол қал тасынан қаражат шығаруға да дайын. Тек жолын білмейді. Және өзінің тырнақ ал ды туындысын өзге біреулер пайдаланып кетуі де мүмкін деген күдігі көп. Сондықтан ол ең бірінші патент алғысы келеді. Патент алу үшін шебердің қолында осы жобаның кәдімгі түпнұсқасы болуы керек екен. Бірақ оған қарапайым инженерде материал жоқ. Аманкелді Шортанбаевқа ең алдымен үшбұрышты формадағы магниттер қажет. Ол үшін Ресейдің Магнитогорск қаласына барып, тапсырыс беру керек. Аманкелді Шортанбаев республикалық телеарналар дың бірінде ұйымдастырылған инновация лық жобаларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған байқауға да үміт артады. Ол байқаудың қазылар алқасы құра мына елдегі ең білікті техника маман да ры мен ғалымдар шақырылады. Сон дық тан автор байқауға жеңімпаз атану үшін емес, білікті мамандармен жүздесіп, өз жобасын соларға ұсынып көрсем дейді. Әрине, мұндай жобаны тәжірибеге енгізу үшін мемлекет тарапынан қолдау да ке рек.

– Мүмкін, ғалымдар шынымен де ме нің бұл жұмысымды пайдалы деп тапса, оны жүзеге асыру үшін әрі қарай қандай жұмыс істеуім керектігін де айтып беретін шығар. Қазір мен кімге, қайда бараты ным ды да білмеймін. Ендігі үмітім – рес пуб ликалық тележобада ғана, – дейді ин женер.

Бала кезден техникалық жаңалықтарға әуес болып өскен ол кейіннен жоғары сыныпта оқып жүргенде өздігінен жүретін ойыншық машиналар құрастырып көріпті. Онда да магниттің көмегіне жүгінген екен. Құрастырған ойыншық машиналарының астына ағашқа таңылған магнит орналас ты рыпты. «Тіпті атылатын ойыншық танкі де құрастырып көргенмін. Көрші бала лар дың ата-аналары аттай қалап, үйден ақша сын беріп алып кететін. Осылайша ауыл-аймаққа да танылған едім», – деп еске алады автор. Техникаға бала жастан әуес болып өскен ол мұнайшы-инженер ма ман ды ғын алғаннан кейін, Африка, Нигерия елдеріне барып жұмыс істейді. Жанар майға тәуелсіз, экологиялық зиян сыз автокөлік ойлап табу идеясы да оған осы шетелде жинаған тәжірибелері арқы лы келген екен.

Ең алғаш рет өздігінен жүретін көлік XVII ғасырда пайда болғаны белгілі. Тех ника кәдімгі ағаш арбаға ұқсайтын. Үстінде ма шинаны басқарып отырған адам көмір жағып, сол жылудың қуатымен арба қоз ға латын. Әлемде ең бірінші механикалық көліктер осылай пайда болды. Содан бастап дүниедегі көлік атаулы, негізінен, отынның, яғни жанармайдың көмегімен қозғалысқа түсті. Енді отынның орнын қа зақ инженері ойлап тапқан магнит ал мас тырып жатса, оған таңғалудың қажеті жоқ.

Автор: Бақыт ЖАНШАЕВА, Ақтөбе

 

http://www.alashainasy.kz/main/13889/