Айттырған сәлем Абайға.....

Айттырған сәлем Абайға.....
жеке
блог

Айттырған сәлем Абайға.....

Қайырлы кеш, Массагеттіктер! Менің бұл сайтқа тіркелуімнің өзі қызық болды. Құрбыларымнан естіп, қызығып, мен де тіркеліп көрейін деп, сайтқа кірдім. Сау болсын, I Spot менің Массагет-ке тіркелуіме кедергі жасап, тырысып бақты. Қайта-қайта «лақтырып» тастап. Тіркелгеніме 4 күн болды. Содан бері не жазам? Қандай тақырып қоям? Қандай стильде жазам? Қандай мәліметтер тіркеймін? Деген сияқты сан сұрақ санамды мазалады. Ойымды барынша жинақтап, бірдеңелер жазып бастадым басымды қатырған «биотехнология негіздері» сабағында. Ал енді бастайын...

Байқаған боларсыздар, Абайға сәлем айттырған Қаламқаспын.....десең иә. Дәл солай болмағанымен, ұқсап бағудамын. Жасым 18-де. Білім ордасы – ҚазҰУ қалашығының 2-курс студентімін.

Негізі өмірде жолы болған жанмын, Құдайға шүкір. Қамқорлығы мен мол мейірімін аямайтын керемет отбасым мен асыл достарым бар. Мені шабыттандырып жүретін – солар (Мое вдохновение).

Мектепті үздік бітірдім. Оқып жатқан мамандығым – биотехнолог, генетик. Сабақтар өте қызықты. Осы салада болашақта тамаша маман болып, адамзатқа пайдалы біраз іс бітіргім келеді.

Мінезім аса ашық деп айта алмаймын, тұйықтаумын. Ұрысқақ емеспін, бірақ қатты жыныма тие берсеңіз, өкініп қаласыз! Достарыммен салыстырғанда, аса күйгелек емеспін. Көңілшекпін. Көрген киноларымның барлығында дерлік «тостағанымды сулап аламын».

Астрологияға сенетінім бар. Жұлдызым – балықтар. Оның белгісі – екі қарама-қарсы тұрған балық. Менің мінезімнің, ойларымның кереғарлығы осыған ұқсай ма...Кез келген нәрсенің екі жағын да ойланып, тез шешім қабылдай алмайтын жаман қасиетім бар. Дүкенге барғанда, осы әдетімнің азабын құрбыларым тартады.

Аздап десем ұят болар, біршама «тормоздығым» бар.

Ән тыңдағанды, айтқанды өте жақсы көремін. Өмірімді музыкасыз елестете алмаймын. ҚазҰУ студенттері, мүмкін мені факультетаралық жарыстардан көріп қаларсыздар.

Әзірге осы.

P.S. Таныстық үшін.....   Жаман ойлап қалдыңыз ғой, иә? Таныстық үшін, достарыңыздың қатарына қосыңыздаршы.