Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Жүзе білесіз бе?

Жүзе білесіз бе?

Жүзе білесіз бе?

Жүзу – спорттың ерекше түрлерінің, дене шынықтыру үшін нәтижелі әдістерінің бірі. Жүзу адамды сымбатты, көрікті, төзімді етіп қалыптастырады. Спорттың денсаулыққа пайдалы түрлерінің бірегейі де осы – жүзу. Мысалға адам жүзу кезінде кеуде мен қарынға түсетін судың қысымын ішке терең дем тарту арқылы жеңілдетеді екен, мұның өзі тыныс алу жүйелерін жетілдіріп, оны оттегімен тікелей қамтамасыз етуге және өкпенің дем алатын көлемін ұлғайтуға септігін тигізеді. Оған қоса жүзу кезінде жасалатын қимылдардың әсерінен дененің барлық бұлшық еттері жұмыс істейді, бұл адамның денсаулығына, сымбатына жақсы әсер етеді. Омыртқаның да түзу де тік болуына бірден бір себепші – жүзу қимылдары екен. Негізінде  омыртқа – адамның ең маңызды мүшелерінің бірі, себебі ол басқа ауруларға өте қатты әсер етеді, яғни өзге аурулар омыртқаға тікелей байланысты. Жалпы, жүзудың пайдасы – адам денсаулығын нығайту, шымыр және шыңыққан болуына өз септігін тигізу. Сонымен біз спорттың бұл түрінің қаншама пайдалы екенін білдік, ал осы жүзуді қалай тез үйренуге болады дейтін шығарсыздар?! Алдымен, жүзуді үйренбестен бұрын оны 3 түрге бөліп алайық:

1)    Кроль

2)    Брасс

3)    Баттерфляй

Кроль – жүзудің ең жылдам түрі, қол мен аяқты кезекпен жылдам қимылға келтіру әдісі.  Кроль әдісімен етпеттеп және шалқалап жүзгенде аяқ пен қолдың қимылы кезектесіп орындалады, ал брасс және баттерфляй әдістерімен жүзгенде қол мен аяқ қатар, бір уақытта бірдей қимылдайды. Баттерфляйдың (ағылшынша «көбелек») брасстан айырмашылығы сол, осы жүзу тәсілінде жүзуші екі қолын иығынан төмен қарай лақтыра, яғни иығынан екі қолын сермете жүзеді және екі аяғы бірігіп бірдей қозғалыс жасайды. Баттерфляй – жүзудың ең қиын түрі. Ал Брасс болса ең жеңіл түрі, яғни бұл түрі қол мен аяқты екі жаққа қарай сермеу арқылы жүзеге асады. Міне жүзудің осы 3 түрі бойынша  әлемдік, Олимпиадалық бағдарламаларға негізделген  жарыстар өткізіледі. Бағдарламалар мынадай қашықтықтарды қамтиды: 50, 10, 200, 400, 800, 1500метр; 100, 200м баттерфляймен; 200 немесе 400 м қашықтықты жүзуші құрама тізбекпен орындайды; 4Х100 м эстафеталық қашықтықта бірін-бірі ауыстыратын төрт жүзуші орындайды және тағы сол сияқты .  Жарыстардың қызықтылығы сол – әр жүзуші-спортшының техникасы әр түрлі, қайсысы жылдам әрі ұтымды, сол жеңіске жетеді.  Төртжылдықтың ең мықты сайысында медальды көптеп алатындар - судан бақытын тапқан спортшылар екені сөзсіз. Мысалға, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ерлер мен әйелдер арасында  жүзу жарысынан 34 комплект медальдар сарапқа салынды. Медальдарды сарапқа салатын сол бұрынғы жүзуден  Держава мемлекеттер – Америка Құрама Штаттары, Ресей, Аустралия. Олардың мынадай жүзушілерінің есімдерінің даңқы әлемге  жер жарады: Майкл Фелпс(Олимпиаданың 15 дүркін чемпион), Ласла Чех, Евгений Коротышкин.  Өкінішке орай, сол Олимпиадалардың  ішінде бір қазақстандық жүзуші жоғары дәрежеге ие  бола алмады. Сондықтан да, менің ойымша қазақ балаларының жүзуге деген талпынысы, құштарлығы жоғары болуы тиіс. Себебі қазақ елінің жүзушілерінің халықаралық ареналарда айтар сөзі, көрсетер өнері әлі көп. Ол үшін әрине таудай талап, қажымас қайрат керек. Жүзуді тез үйрену үшін  сізге ең алдымен судағы бірқалыпты қимыл-қозғалыс және жүзу техникасы қажет. Жүзу техникасы жоғарылаған сайын, сіз жүзудің қимылдарын жақсы сезе бастайсыз. Жүзу үшін аяқ пен қолды жаттықтыру, шынықтыру қажет. Одан кейінгі негізгі мәселе – өкпені терең демге үйрету. Өкпе жүзудің ең басты құраушы элементтерінің бірі, себебі өкпе арқылы жүзуші өзінің қимыл-әрекеттерін, жылдамдығын арттырып, кемітіп отырады. Жүзудің осындай құраушы элементтері сізге  дұрыс жүзудің негізін қалыптастырады деп ойлаймын.   

           Жалпы, жүзуді  – дене тәрбиесінің кең тараған маңызды түрі деп білеміз. Осыған орай, елімізде спорттың осы жүзу түріне аумақты қаражат бөлініп, спорт сарайларында жүзу бассейндері көптеп салынып  жатыр. Келешекте де жүзу  сабағы институттардың, орта білім беретін дене шынықтыру оқу орындарының және мектептердің оқу жоспарларына да енгізіліп оқытылайын деп жатыр. Елімізде спорттың бұл түріне мұндай ерекше қамқор қадамдар жасалуының бірден бір себебі     – халықаралық жарыстарда жүзушілеріміздің медальдардан құр қалуы. Шыны керек, еліміздің спорттың осы түрінен үлкен жеңістерге жете алмауының тағы бір себебі – еліміздегі жүзу комплекстерінің қымбаттылығы. Қазірдің өзінде олардың бағасы 13000 теңгеден кем түспейді. Ал мұндай бағаны әркімнің қалтасы көтере бермейді. Оның үстіне елдегі бассейндердің тек үлкен қалаларда болуы үйреншікті жайт. «Ауылымызда бассейн жұмыс жасайды»,-деген жанды осы күнге дейін кездестірген емеспін. Одан кейін көбіміздің айтатын сөзіміз - ауыл балаларының бокс пен күреске ғана икемі бар дейтініміз. Әрине, ол солай болады,  егер жүзуге  жағдай болмаса, жүзуден әлемдік жұлдыздар былай тұрсын, жай ғана әуесқой жүзушілердің де өзі шықпайды.   Егер ауылда аталған жүзу спортына жағдай жасалса, қуанар едік. Әзірге ол байқалар емес...  Бірақ мен біраз жылдан кейін мұның барлығы ұмытылып кетеді деген үміттемін. Әлі еліміздің туы талай жүзудің спорт ареналарында биікке самғайды. Ал жаңағы айтқан келеңсіздіктер уақыт өте келе өз шешімін табады. Соған орай мен елімнің спортшыларының келешекте жүзуден жоғары дәрежеде өнер көрсететініне кәміл сенемін және ондай дәрежеге елімізді қазіргі жас жүзушілеріміз жетелейді. Жас жүзушілерге айтарым: «Қиыншылықтарға қарамай тек қана алға»     

6
Рейтинг: +0

Автор: Daniyar Asylbek
Жазылған уақыты: 01 қазан 2013, 01:04

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.