Мэлс Сағатұлымен сұхбатым...

Мэлс Сағатұлымен сұхбатым...
жеке
блог

- Тыңдармандарыңызды сағындырғаныңызға  біршама уақыт болды. Неге көрінбей кеттіңіз?

 

        - Қазір демалып жатырмын. Алдағы уақытта жаңа бейнебаяндар түсіріп, қайта ел алдына шығуды        жоспарлаудамын.

 

       - Қандай бейнебаян түрмексіз?

 

       -  Егер қаражатым жетіп жатса қос бейнебаянның тұсауын кессем деймін. Бірі жылдамырық әнге, екіншісі баяу әнге.

 

- Көп әншілерді тыңдармандары "Саз әлемінен" көрді. Сіз неге көрінбедіңіз?

 

- Мені ешкім шақырмады. Шақырмаған жерге баруды ұнатпаймын.

 

-  Мэлс Сағатұлы бақыт деген ұғымды қалай түсінеді?

 

-  Мен бақыт дегенді отбасы деп түсінем.  Ең бастысы денсаулығың мықты болып, бала-шағаңның алдында аман сау жүргеннен асқан бақыт жоқ.

 

- Жеке концерт беру жоспарыңызда бар ма?

 

- Әрине бар. Бірақ, ол алдағы уақыттың еншісінде. Алдымен халықтың құлағына жететін танымал әндерімді көбейтуім керек. Әндерімнің барлығы танымал болмаса да 80 пайызы танымал болуына аянбай еңбек етеудемін.

 

-  Сізді танытқан қай әніңіз?

 

- «Өмір сүру» деген әнім бар. Сол әнім халыққа өтімді болды. Сонымен қатар «Сені күттім» деген әнім жастар арасында біраз тыңдалды.

 

-  Отбасыңыз жайлы көп тыңдармандарыңыз біле бермейді. Шаңырағыңыз жайлы сөз қозғасаңыз...

 

- Әйелім, екі ұлым, бір қызым бар. Негізі әйелім, газет-журналдарға, телеарналарға  көп шығуды ұнатпайды. Сондықтан да болар көп адамдарға отбасымның  тансықтау болып көрінетіні.

 

-  Балаларыңыздың әнші болғанын қалайсыз ба?

 

-         Әзірге ешнәрсеге баулып жатқан жоқпын.  Негізі өнер жолы өте ауыр жол. Менің әнші болуым да оңай болған жоқ. Өзімнің толассыз еткен еңбегімнің жемісін енді ғана көріп жатырмын.

 

-  Алдыңғы толқынды ағасыз ғой, бүгінгі жас әншілерге көңіліңіз тола ма?

 

- Барлығына көңілім толады деп айта алмаймын. Арасында «ақшам бар, әнші бола салсам қалай болады» - деп әнші болып жүргендер де бар. Әрине көпке топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен тойға барып ақша тапсам деген мақсаттағы әншілер көп. Мен ондай мақсатты құп көрмеймін.

 

-  Демек, арнайы білім алып барып әнші болу керек дейсіз ғой.

 

- Әр салының білімін алмасаңыз биік дәрежеге жетуіңіз екіталай болмақ.

 

-  Қазіргі кезде бірқатар әншілер түрлі аспаптарда ойнай алады. Сіз қандай аспапта ойнайсыз?

 

- Көп аспапта ойнай аламын. Бұл әрине мақтанғаным емес. Себебі бес жасымда домбыра үйренгенмін.  Бірінші сыныпта сахнаға шығып домбырамен өлең айтқанмын.  Сөйтіп, бесінші сыныпта барабанды үйреніп, ауыл тойларында ансамбльде барабан ойнағанмын. Барабаннан гитараға ауыстым, содан кейін ритм гитара; одан бас гитара; одан соң клавишті меңгердім. Соңында әншілікке ауыстым.

 

-   Өзіңіз айтқан асаптарда ойнағаныңызды халық қашан көреді?

 

- Құдай бұйыртса, жеке концерт беріп жатсам, ойнай алатын аспаптарымның барлығында ойнаймын. Мен Шымкентте музыкалық колледжде  домбра-прима (халық аспабы бар) соны бес жыл  оқып бітіріп шыққанмын.

 

- Жасырын болмаса тойға қанша ақшаға шығасыз?

 

-  Бізде қатып қалған баға жоқ. Себебі ағайынымыз көп. Негізі мен тойға шығуды ұнатпаймын. Құдайға шүкір басқа жолдармен де ақша тауып жатырмыз. Авторлық құқықты қорғаушылар бар. Орындаушыларға арнайы берілетін ақшадан алып тұрамын.  

 

-   Біз білетін Мэлс Сағатұлы спортқа жақын. Қандай спорттың түрімен айналысасыз?

 

-  Спорттың барлық түрін жақсы көремін. Мектеп қабырғасында төрт жыл күреске қатысқанмын. Мектепаралық, ауданаралық жарыстарда алған дипломдарым да бар. Уақытында боксқа, каратэге де қатысқаным бар. Қазір футбол, волебол, үстел тенистерін ойнаймын.

 

-  Демек, әнші болмағаныңызда спортшы болар едіңіз бе?

 

-  Ия, мен негізі спортты сүйем. Неге десеңіз менің әкем спортшы. Боксшы болған.  Балам спортшы болса бұзықтау болып кетер деп, мені өнермен сусындатқан.

 

-   Сырлы сұхбатыңызға рахмет.

 

                              Сұхбаттасқан: Берік Сұлтанов, журналист