Өткінші сезім

Өткінші сезім
жеке
блог

 

Кей уақыттарда тауың шағылып, енді бәрі біткендей көрінеді. Бірақ мұның бәрі өткінші, бір сәттік ғана сезім. Біз егер жанымыз қаласа, тауды да қопара аламыз. Тек соған ішкі жан дүниеңмен дайын болу керек, сенуің керек. Біздің ойымыз, әрбір ойымыз міндетті түрде орындалады. Тек жақсылық ойлап үйрену керек . Байқадыңыз ба, кейде бір жағымсыз, сәтсіздік туралы ойлап отырсаңыз,ертелі-кеш сол міндетті түрде орындалады. Міне жақсы, жағымды ойлармен де дәл солай. Әрбір өткен күнді саралап, келешек ертеңгі күн туралы тек жағымды ойласақ, ертеңгі атар таңыңыз міндетті түрде шуақты болады. Бір сәттік сезімнің жетегінде кетіп, өмірдің кереметтілігінен құр қалмайық. Әрбір қиналған сәтіңізде, жағдайы сізден де мүшкіл жандар бар екенін ұмытпаңыз. Шүкіршілік етіп үйреніңіз. Қашан өз ойыңызды бақылап үйренесіз, сонда ғана биік белестерді бағындырасыз. Ойыңызға алған арман-мақсатыңызды елестетіп үйреніңіз. Бір журналист әлем чемпионынан: «Сіз жеңіске қалай қол жеткізесіз?» деп сұрағанында, «Мен әрбір түнде,ұйықтар алдында қалай кубок алып жатқанымды елестетемін» деп жауап берген екен. Ең бастысы сол жеңіске жететініңізге өзіңіз кәміл сенуіңіз керек. Қалған адамдардың ойы туралы қапаланбаңыз. Оларды сендіруге тырыспаңыз.Себебі олар әлі-ақ сіздің өз арманыңыздың ең биік шыңына шығатыныңызды білмейді...