Үйленгендеріне бірнеше жыл өтсе де, бала сүйе алмай жүр. Отағасы түнімен көз ілмей Құдайдан жалбарынып бала сұрайды.
- Е, Құдайым, тым болмаса үш күнге бала сыйлашы. Үш күн болса да, баланың иісін сезіп, жылаған дауысын естиін!,-дейді. Сонда көктен бір дауыс естіледі.
-Тілеуіңді орындаймын. Үш күндік бала беремін. Үш күннен соң қайтып аламын!,-дейді.
Көп ұзамай келіншегінің аяғы ауыр болып, маңдайы торсықтай дүниеге ұл келеді. Әкесінің қуаныштан басы айналып, үлкен той жасайды. Тойға мыңға жуық адам келеді. Екі күн тойлап, үшінші күні баласының өлетіні есіне түсіп, дайындала бастайды. Бір апта өтеді. Бала әлі тірі. Сонда отағасы:
-Е, Құдайым, мына не мазағың? Үш күнге сұраған баланы неге алмай жатырсың?,-дейді. Сол кезде көктен тағы да бір дауыс шығады.
-Ұлың дүниеге келгенде той жасадың. Тойға шақырған әр адам тілек айтып, бата жасады. Олар сенің ұлыңның ұзақ ғұмыр жасауын тіледі емес пе?,-депті.
"Көп қайда болса, сен де сонда бол" дейді ғой тағы...
короче не де болса да тойлатыңдар е
бала көтере алмай жүрген әр қазақтың отбасына, дені сау, ғұмыры ұзақ бала берсе ғой, шіркін)))))))))))) жақсы жазылған!
Рахмет!) Иә, орысша айтқанда "Здоровье женщины, будущее нации" ғой.
Тойды тегін жасамайды екен ғой қазекем. Босқа шашылады деп басқа жұрт анекдот қылады
Жақсылықтың мыңын сұрасаң бірі келеді, жамандықтың бірін сұрасаң, мыңы келеді дегенді естігем. Көптің ақ тілегі қашан да қабыл болады ғой.
Мағыналы екен......
Көптің сұрағаны қабыл болған ғой
ТОЙДА ІШІМДІК БОЛМАСА ҚАБЫЛ БОЛУЫ МҮМКІН.
уақақақақа!
СЕН МАЗАҚТАП ТҰРСЫҢ БА?
логикаңның тікелігіне таңырқап тұрғаным сол :)
Иә, мен де солай ойлаймын! Шшімдікті аузына алып отырып, айтылып жатқан тілектерге "Әумин" дейтіндерге жыным келеді.
көктен сұрама, әрекет ет. етегін түр, ез болма :) жесть! бүгін девиздер күні ғой деймін... уақақа
Сіздің айтпайтыныңыз жоқ осы))))
түнде көк перпелер күмпілдесін деп жар салған пақырдың алдында менікі ойыншық сияқты ғой :)
Адам жақсы тілек тілеп, жақсы сөз айту керек үнемі. Бір естіген оқиғам есіме түсіп кетті. Тұрмыс құрмаған бір қыз болыпты. Үнемі "Мені не бай не Құдай алмайды" деп айтып жүреді екен. Сонымен тілегі қабыл болып тұрмысқа шығып тойы өткен соң, ертесіне қайтыс болып кетіпті. "Жақсы сөз -жарым ырыс" деген сөз осыдан шығар.
Иәәә! Жалпы адамның ойы да жақсы болу керек деп ойлаймын. Біреулер жақсы сөз айтып жүргенмен, ішінен басқаға жамандық ойлап жүреді. Ондайдан сақтасын әйтеуір...
"Көптің тілегі - көл". Көптің ақ тілегі лайым қабыл болғай! Жазба ұнады
көптің айтқаны болады демекші
Сіз Жаңаөзеннің тілегін айтып тұрсыз ба?
Арине құдай қаламаса, көптің батасы не болады. Біз тек қана сұраушымыз, беруші өзі біледі. Аз ба, көп пе....беретінін