«Арсеналдың» қазақстандық жанкүйері

«Арсеналдың» қазақстандық жанкүйері
жеке
блог

«Арсеналдың» қазақстандық жанкүйері

 

        Өзіміздің елімізде де «Арсенал» секілді ұлы клубтың жанкүйерлері бар. Олар социалдық жүйелер арқылы бірігіп, клуб ойындарына қатысып өздерінің клубқа деген ыстық ықыласын білдіруде. Тіпті, қазақстандық жанкүйерлер  «Арсеналдың» ойындарын тамашалауға  сапар шегіп тұрады. Жақында, осы жылдың   жазында «Арсенал» мен «Манчестер сити» клубтарының ойыны Бежінде(Пекин) өтті. Міне, дәл осы ойынды тамашалауға біздің елден жанкүйерлер де барды. Солардың құрамында жастар да аз емес болатын. Мысалға, Фатима Молдабаеваның «Арсенал» клубын қолдап келгеніне оннан аса жылдар өтті, ол осы клубтың әрбір ойынын өткізбеуге әлі де бар күшін салуда.  

        80000 адамды сыйдыратын Бежіндегі  «Құс ұясы» (Птичье гнездо) алаңында «Арсенал» мен «МС» ойынын тамашалаған Фатиманың сол ойын туралы ерекше еске алатын сәттер мәңгі есінде қалмақ. Фатима өз сөзінде: « Мен «Арсеналдың» жанкүйері болғандықтан, Бежіндегі ойынға қалайда баруға тырыстым. Себебі, мұндай мүмкіндіктер бола бермейді. Өзің алаңда ойынды көргенде ерекше әсерде боласын, өзге елдің жанкүйерлерімен танысып, олармен ойын туралы ой бөлісіп, естен кетпес сәт кешесін. Біз ол жерде ойынды тамашалап қана қоймай, Арсен Венгердің (бапкер) конференциясына қатысып, жұлдызды футболшылардың жаттығуларымен де  таныстық. Сол ойында «Арсенал» 0:2 есебімен жеңілсе де, мен олардың футбол ойнау стиліне таңті болждым. Біз – қазақстандық «Арсеналдың» жанкүйерлері сүйікті клубымызыдң ойынын тамашалаудан құр қалмауға тырысып бағудамыз. Қатарымызға қосылғыларыңыз келсе мына сілтеме бойынша тіркелсеңіздер болады: Vk.com/fcarsenalkz.       

 

П.С. Бөлмелеріңіз  фотодағы нағыз жанкуйер -Фатиманікіндей болғай!