Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Еркелік пен ес жию

Еркелік пен ес жию

Еркелік пен ес жию

Мамам жайлы жаза бергім келеді.

Бала кезімде түннің бір уағында ұйқымнан оянып кетіп, мамамды да оятқым келетін. Соның бір амалы ретінде «горшокке отырамын» деп, қыңқылдай саламын. Келесі күні қыңқыл «нан жеймін», «шай ішемін», «сүт ішемін» болып, алмасуы мүмкін. Бірақ осылардың бәрі өтірік қыңқыл болатын. Мен жай ғана ұйқым ашылып кеткен соң, не істерімді білмейтінмін.

Сонда нәресте күнімдегі қылығым аздай, бес жасқа келгенше мамамның түн ұйқысын бұзатынымды түсінбеппін, мен ақымақ. Мамам ештеңе деместен, менің «горшоктен тұруымды» күтіп, қалғып отыратын.

Мамам соғыс басталған жылы туған. Бұл ұрпақтың пешенесіне тауқымет кешу жазылған. Бүгінге қанағат, тәубе деп жеткен сияқты.

«Иә, Жасаған ием, балаларымызға амандық бере гөр, тыныштық бере гөр!» дегенді күн сайын түнде жатар алдында еститінмін. Мұның мамам үшін өмірдегі жалғыз ғана тілек, ең басты тілек екенін кейін білдім. Бір жағынан – уайым, бір жағынан – Жаратқанға деген сенім.

Мен ешкімнен кем болып өспедім. Бала кезімде ауырған емеспін. Қол-аяғымыз сынған жоқ. Машаллаһ! Пәле-жаладан аман болдық! Ақ сүтіңіздің құны өлшеусіз!

40
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 04 мамыр 2012, 00:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.