Күз күңіренетін кез емес)))

Күз күңіренетін кез емес)))
жеке
блог

Шаш үлгісін өзгерткен әйел өмірін өзгертуге дайын.

Коко Шанель ханым.

 

Не дейін, көптен бері бір ауыз сөз жазбаппын ғой. Жазудан қалып, тек қана еріншек оқырмандар қатарына қалай ғана көшіп кеткенімді байқамаппын. Әйтеуір, жұмыс пен үйдің арасында шауып жүріп, талай қызықтан қалған секілдімін ғой. Хотя, өткендегі жиынға бардым. Ең ересегі боп төрге отырып алдым ұялмай))) Түркістандық құрт жеп, қымызханада жиналып тұрып, құр шай ішіп кеткенімізді жазды ғой Ширақ қыз) Көрмегендерді көріп, танымағандармен танысып, тіпті ұялшақ, сүп-сүйкімді қыздың ұяңдығына тамсанып қайттым! Массагеттік блокнот пен қаламға қатты қуандым))) Өзіңді бір үлкен істің бөлшегі, банданың мүшесі боп сезінеді екенсің))))  Көп рахмет!!!!

 

Әне-міне деп жүріп күз жетті. Күзді жақсы көрем. Туылған күндер легі басталады біздің үйде) Оған қоса күзде өзіме өзім көріктірек, әдемілеу көрінем))) Содан болар, бір өзгерісті жаным қалап, шаш үлгісін өзгерттім, енді өмірімді өзгертетін кез жеткен секілді))) АЛЛА деп көрейін.

"Непохищенная невеста" деген үнді фильмін 20 реттен аса көрдім. Әлі талай көретін секілдімін, бұйырса. Саундтректерін тыңдай берем, түк ұқпасам да әдемі, позитивті әндер болғаннан соң шығар. Айтпақшы, осы фильмді ғана көрсететін Үндістанда кинотеатр бар екен. Күніге, жиырма жылға жуық тек осы фильмді қояды екен. Елдер де, мен секілді фанат -маньяк, бара береді көрінеді. Шакрух пен Каджолдың жұп болып түскен фильмдері жаман болсын ба?

 

Күз келді деп мұңайып жүргендер болса, күрсінбеңдер, себебі күз күңіренетін кез емес))))