Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ахой, Прага!

Ахой, Прага!

Ахой, Прага!

 «Еее, қойшы, бұл біздің мереке емес қой» дейтіндердің қатарынан болсам да, мерекемен құттықтап қоюды жөн деп санадым. «Ештен кеш жақсы» демекші, 14-ақпан «Ғашықтар күні» құтты болсын! Жолдан қосылған бұл мерекені мектепте, кейін ЖОО-да әкесін танытып тұрып, Әулие Валентин аузымызға ала отырып тойлаушы едік. Қыз болсын, жігіт болсын, әйтеуір, мереке деп бір-бірімізге жүрек пішінді ашық хаттар сыйлап жататынбыз.

Өз басым, бұл мерекені асыға күтетіндердің қатарынан емеспін. Алайда, биылғы «Ғашықтар күні» ерекше есте қалатыны сөзсіз. Себебі, бүгін мен бұл мерекені өзге елде «тойлап» отырмын.

Мен қазір Еуропаның ең әдемі мекендерінің бірі Прага қаласындамын. Чех елі туралы энциклопедиялық кітаптар мен ғаламтор беттерінен ғана білетін едім. Енді, міне, маған әйгілі Карлов көпірін көру бақыты бұйырып отыр.

Прагаға табан тіреуімнің басты себебі бұл қалада ТМД елдерінің қатысуымен «Samsung CIS Forum 2012» шарасы өтеді. Форумның басты мақсаты биыл жарыққа шығатын Samsung компаниясының өнімдерін таныстыру болып табылады.

Форум өткізу дәстүрі 2010 жылы Мәскеу қаласынан бастау алған еді. Өткен жылы форум Будапешт қаласында өтсе, биылғы форум Прагада өтеді.

Биылғы форумның басты ерекшеліктерінің бірі форумға журналисттермен қатар, блоггерлер қауымы қатысады. Қазнеттен бес белсенді блоггер форумға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Олар:

  • Бірге жазушы-блоггер Рустам Ниязов;
  • Фотоаппаратты серік еткен фотограф-блоггер Дамир Өтеген;
  • Белгілі топ-блоггер Данил Иванов;
  • Әріптесім журналист-блоггер Вова;
  • Және де мен, жалғыз қазақ тілді блоггер Алматының аппақ қызы))))

Чех астанасына арнайы чартерлік рейспен ұшып келдік. Ұшақта Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан бас-аяғы екі жүзден аса адам болдық. Ал форумның өзіне ТМД елдерінің барлығы қатысады.

Алматымды, шыны керек, қимай кеттім. Әуелі әуежайға шығарып салған ата-анама үлкен рахмет. Бұл сапарға шақыру алған сәттен бастап менің отбасым құжаттар мен жүгімді жинауға тікелей ат салысты. Аз уақыт ішінде үйімді сағынатыным сөзсіз.

Чех астанасы бізді өте жақсы қарсы алды. Аздап қар жауып тұр, жел соғып тұр.

Алдағы күндері, иншаллаһ, форум және Прагада өтіп жатқан күндерім туралы толығырақ жазуға уәде беремін.

Прага уақыты Ару Алматымның уақытынан бес сағатқа артқа жүреді екен. Сондықтан да, мен пікірлерге кеш жауап беріп жатсам, айып етпеңіздер.

Келесі жазбамда жүздескенше, достар))

P.S. Сурет қосу ойда болған еді. Әзірге мүмкіндік болмай тұр. Ренжімеңіздер)))

1651 21
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 15 ақпан 2012, 04:00
Тегтер: Samsung CIS Forum 2012, Прага, Чехия
Пікірлер
+0
15 ақпан 2012, 10:42

Ғазиза, қандай бақыттысың, чехтердің жері Еуропаның кереметі саналады ғой! Ахой!

+0
15 ақпан 2012, 10:52

Ахой, Ғазиза! Сапарың сәтті болғай! Бәсе, осы Ғазиза көрінбейд деп олап қоям)))

+0
15 ақпан 2012, 10:59

Чехиядағы қызықтарды оқуға дайынбыз. ))

+0
15 ақпан 2012, 11:04

Жарайсың Ғазиза! Шетелді, Чех елін аралау кез-келгеннің еншісінде емес екен, сен үшін қуанып, сәттілік тілеймін!:) Чех елінің қызықтарын бізге жақсылап шерт!;))

+0
15 ақпан 2012, 11:20

Сапарын сәтті әрі қызықты болсын))))))))

+0
15 ақпан 2012, 11:36

Әй, жарайсың!!! Чехтарға дұғай салем!)

+0
15 ақпан 2012, 12:54

Оуу жарайсың, Ғазиза! Аманат Исламмен Ғазиза массагеттен көрінбей кетті деп ойлап едім кеше ғана. Сапарың сәтті болсын!

+0
15 ақпан 2012, 12:56

Прагада жақсы қыдыр! ) Сапарың сәтті болсын ))

+0
15 ақпан 2012, 13:33

Молодец, Ғазиза! Фотоотчет күтеміз! Сәлем айт менен!

+0
15 ақпан 2012, 14:12

Ғазиза, келгесін бізбен алған әсерлеріңмен бөлісуді ұмытпа! Ел көрген жақсы ғой!

+0
15 ақпан 2012, 14:56

Жарайсыз!!!!!

+0
15 ақпан 2012, 15:57

Прага деген керемет қой, ахой! Суреттеріңізді елге оралғаннан кейін, қосыңыз, бізде тамашалайық.

+0
15 ақпан 2012, 16:27

Күтеміз жалғасын )

+0
15 ақпан 2012, 16:28

Мағауинге сәлем! :) уақақа

+0
15 ақпан 2012, 17:43

"Мағауинге сәлем!" Осы пікір тема кетті! ))

+0
15 ақпан 2012, 17:44

Ахой, Ғазиза!!!

+0
15 ақпан 2012, 17:45

не ғой, Чехияның сырасы жақсы деп естігем))

+0
15 ақпан 2012, 17:46

Жазбаларыңды күтеміз

+0
15 ақпан 2012, 19:19

Алматының аппақ қызының қызықты әңгімелерін асыға күтеміз))

+0
15 ақпан 2012, 19:45

баяғыда Анар Варшаваға барғанда, бір панды ұрып алсайшы деп айтып басым бәлеге қалған. сондықтан Қайра сияқты чехтардың ұлттық мақтанышы - сырасының дәмін көр хотя бы

+0
17 ақпан 2012, 21:32

Көрдім, сіз үшін))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев