«Тракторшының махаббаты» отандық сериалдардың бәрінен басып озды

«Тракторшының махаббаты» отандық сериалдардың бәрінен басып озды
жеке
блог

Бір апта бұрын «Ел арнада»  «Тракторшының махаббаты» сериалы көрсетіле бастады. «Хабар» агенттігі, «Ел арна» арнасы мен белгілі продюсер Баян Есентаеваның жаңа жобасы көрермен қызығушылығын тудыруда. Телевизиялық рейтингтерге сәйкес, «Тракторшының махаббаты» сериалы отандық сериалдар арасында ең жоғары көрсеткіштерге ие болды. Сериал шетелдік өнімдермен әбден бәсекелесе алады.  

 Кәмшат Жолдыбаева

            Сюжетке сәйкес, Белла есімді сұлу бойжеткен өзінің тойына асығып бара жатып, Астана-Алматы трассасында көлік апатына тап болады. Оны жолай өтіп бара жатқан тракторшы - Жасұлан құтқарып алады. Ауылда есін жиған Белла аяқ астынан жадынан айырылып, өткен өмірін еске түсіре алмайды. Осы сәттен бастап қалалық қыздың ауылдағы өмірі, тракторшының анасы мен басқа да ауыл тұрғындарымен қызғылықты қарым-қатынасы басталады.  

Берік Айтжанов

Басты рөлде - КешYOU тобының әншісі Кәмшат Жолдыбаева. «Ғашық болғыш»  тракторист -  «Ликвидатор», «А»-ға оралу», «Махамбет», т.б. фильмдерден көрерменге жақсы таныс Берік Айтжанов. Әкім рөлін әйгілі актер Димаш Ахимов сомдаса, оның әйелі -  «Тамашаның» жұлдызы Гүлжан Қалыбаева. Сондай-ақ сериалдың көркі болып жүрген Б.Римова атындағы театрдың әртісі Әлихан Ыдырысованың ойынын атап айтуға болады.

16 сериялы сериалдың оқиға желісін ойлап тауып, сценарийін жазғандар -  Данияр Күмісбаев пен Асқар Ұзабаев. Қысқасы, «Тракторшының махаббатынан» қашан да көрермен көңіліндегіні дөп басатын Баян Есентаева бастаған топтың қолтаңбасы аңғарылады.

Сондай-ақ, сериалдың трейлері де ғаламторда қызуғышылық тудырып, көру көрсеткіші 50 мыңнан асты, әлеуметтік желілерде де жобаны жиі талқылап жүр. Актерлік құрамның өзге де сериалдардан жақсы таныс болғанына, басты рөлдегі Кәмшат Жолдыбаеваның бұл - кинодағы алғашқы рөлі екендігіне, тіпті сериалдың қалай аяқталатыны құпия еместігіне қарамастан, «Тракторшының махаббатын» қалада да, ауылда да бірдей көреді.

Twitter әлеуметтік желісінде қазақстандықтар сериалдан алған әсерлерімен қызу бөлісуде.  

Erlan Karin ‏@erlankarin Подсел уже на #ТракторшыныңМахаббаты

Erlan Karin ‏@erlankarin

Тамаша! #ТракторшыныңМахаббаты Шынайы ауылдын омiрi. Караганнан сайын ауылга кетiп калгым келедi))

Ақзер СЕГIЗБАЕВА ‏@AkzerSegizbaeva Отбасымызбен экран алдына жиылып көретін қазақ телесериялы шыққанына шүкір! Бұлда бір жетістік! #ТракторшыныңМахаббаты @Yessentayeva

Akmonshak Akkoyeva ‏@akkoyeva @Yessentayeva #ТракторшыныңМахаббаты маган унады бир коргеннен. Камшат the best!

@Zhuldz ‏Случайно проходила мимо телевизора... вот теперь сижу смотрю #ЛюбовьТракториста

Saltanat Baktybekova@SBaktybekova ЛюбовьТракториста самый позитивный сериал, сидим смеёмся всей семьей, папа вообще плачет)) ухх Дженифер такая шикарная

Aidana ‏@aidana_BS Папуля уехал в деревню! Звонит, спрашивает: "доча, ана киноннын аты калай?" :)))) #любовьтракториста

Dana Beisen ‏@Dana_Beisen

#ТракторшыныңМахаббаты қызық телехикая.Бірақ тез бітіп қалатыны жаман да.

Бота Пазылбекова ‏@pazbota

Супермаркетте журсек мамам :-Қызым тез бол қазір ана кино басталады.Бүгін қызыық болады ғой деп қояды:)) #любовьтракториста 

 «TNS Гэллап Медиа Азия»-ның деректеріне қарағанда, халық саны 100 000-нан асатын қалалардағы жасы  6-дан асатын сериал көрермендерінің құрамы: rtg (рейтинг) – 4,63, shr (үлес) – 15%. Түсінікті болу үшін, рейтинг дегеніміз – белгілі бір бағдарламаны көрген 6 жастан жоғары Қазақстан тұрғындарының саны. Ал үлес – осы уақытта теледидар көрушілердің барлығынан айтылған бағдарламаны көрушілер саны.

Сонымен, «Тракторшының махаббаты» сериалы өткен аптаның қорытындылары бойынша осы уақытқа дейін көрсетілген отандық сериалдардың бәрінен басып озды. Оған себеп, ең алдымен, «Тракторшының махаббатында» көтерілетін бәрімізге жете таныс ауыл мен қала тақырыбы болса, екіншіден, көркемдік ерекшеліктер, актерлік құрамның  шынайы ойыны мен тартымды әзілі деуге болады.  Ескере кетер бір жайт, бұдан кейін де «Ел арнада» сағ. 22.10-да басқа қазақстандық режиссерлер мен продюсерлер – Ахат Ыбыраев, Санжар Сұлтанов, Абай және Әлмири Қарпықовтар, Ақылбек Досжанов пен Асқар Бисембиндердің телетуындыларын көре аласыздар.   

 Тракторшының махаббаты

«Сериал көрермендердің көңілінен шыққанына қуаныштымыз, – дейді Баян Есентаева. – Ең қызығы, түсірілім кезінде бәріміз шын мәнінде ауылда тұрдық – су тасып, самауырдан шай іштік, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне араласып, нағыз ауыл адамдарына айналдық. Кәмшат сиыр сауып үйренді. «Құтты қонақ келсе, қой егіз туады» демекші, жақсы нышан - тура түсірілім кезінде сиыр бұзаулады.  Ауылдағы тұрмыс оңай емес шығар, бірақ махаббат қай кезде де болатыны анық. Сериалды жіберіп алмаңыздар, бұдан әрі одан да қызық болады!»

  «Тракторшының махаббаты» сериалы «Ел арнада» жұмаға дейін сағ. 22.10-да көрсетіледі.