Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қайта тапбылған бақыт...

Қайта тапбылған бақыт...

Қайта тапбылған бақыт...

        Аялдамада қолына гүл ұстаған бір жігіт ағасы тұрды. Ол Санжар. Ия, алып Алматыға арман қуып келген Қасым қарттың сүт кенжесі. Ол өзгелер сияқты алып армандар емес, өзін адастырған ақ арманын қуып келген. Осыдан 5-жыл бұрын өзі шексіз сүйетін Дариғасының қасына жақын болмақ ниетпен университетті бітірген жылы Алматыға арнайы келген. Ол кезде Дариға Асфендияров атындағы медицина акедемиясының 4-курс студенті болатын. Санжар мен Дариғаны көрген жандар ХХІ –ғасырдың Қыз Жібегі мен Төлегені деп бағам беретін. Қашанда жұптарын жазбай, бірге жүретін. Не қиындық болсада бірлесе жеңетін. Ауылдағы отбасына жәрдемдеспек ниетпен Санжар күндіз-түні жұмыс жасайтын. Екі сменде жұмыс жасайтын болғандықтан кейінгі кезде Дариғасына көңіл бөле алмай жүргені. Мұны өзі байқамадыда. Оныда өзге емес, өзінің Дариғасы айтты. Еркелеп отырып, өз еркелігіне сала Санжарға өкпесі мен назын қатар жеткізіп жатыр... Ия, енді қайталанбайды. Мен қашанда қасыңнан табылам, қашанда сенің «ақымағын» болам алтыным. Бірақ, бәрі Санжар ойлағандай болмады. Жұмыстың ретімен Көкшетауға екі айға кетті. Күні мен Түні алмасқандай Дариғасын сағынып күн санаумен жүр. Дариғасын аңсап қанша хабарласада Дариғаның қалта телефоны сөндірулі. Торға түскен арыстандай қанша арпалыссада амалы құрып Дариғасын уайымдай шерін шекпен етіп жүре берді. Кенет Дариғадан смс келгені. Қуанып смс-ті ақтарып оқып отырып кенет сылқ ете отыра кеткені. «Мені кешіріңіз! Мен енді өзгенің жары атандым. Мені айыптай көрмеңіз. Жақсы қызды кезіктіресіз. Бақытты болыңыз! Сіздің Алтыныңыз...»... Түрі өрт сөндіргендей түтігіп кетті. Асыға Дариғаның телефонын тере бастады. Айтары бар... Ия. Қалайша мұны тастап жат жанның жары болып кете бармақ? Берген уәдесі қайда? Қаншама сауал санасын тұмшалап, есін алды... Бірақ, өмір солай болды. Дариғасы жат жанның жары атанды. Көндікті. Бақыт тілеп қала берді. Күндіз еш білінбейді-ау, түн баласы ұйқысыздықты серік етеді. Сол сүреңсіз күндердің бірінде Алиманы жолықтырды. Ол Дариғадан қалған жарақатты жазып, жанына қуаныш сыйлады. Ерке жүрекке қуаныш тарту етті. Өмірге қайта ғашық етті. Бүгінде сол Алимасымен кездесуге асығып бара жатыр. Қолын қайта-қайта төс қалтасына салады. Ия. Онда Алимасына арналған тартуы бар. Болашақ жарына арнаған ең алғашқы тартуы неке сақинасы. Бүгін Алимаға ұсыныс білмекші...

5
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 15 ақпан 2012, 00:23
Тегтер: Қосылған ғашықтар... Тым аз... Олар...

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.