Ұйқышылдығым түбіме жетер...

Ұйқышылдығым түбіме жетер...
жеке
блог

   Шынымды айтсам менің ең үлкен бір кемшілігім ұйқыны шектен тыс жақсы көрем. Ұйқымның қаттылығы соншалық оятар болса оңайлықпен ояна қоймаймын. Содан болар мен ұйықтап жатқанда еш бір жан дәті барып оята қоймайды. Бұл «ұйқышылдығым» үшін талай жерде ұятты болыпта жүрдім. Бала күнімді айтпағанда, университет қабырғасында оқып жүргенімде қашанда 1-парға кешігіп баратынмын. Сол үшін сөгісте есітіп, деканның алдынанда табылып жататынмын. Емтиханда кешігіп есім шыққан сәттерімде бар. Айтсын айтпасын кейде пайдасын тигізіпте жатады. Сол бір ауруым қазірде асқынып, балаққа біткен биттей мазамды қашыруда. Бүгінде Жаңалық Ізбасарқызының дәрісіне кешіге жеттім. Сағат 10:00 басталар сабаққа 11:20 әрең жеттім. Есіктен имене еніп, ұстазыммен әрең амандастым. Не үшін кешікенімді айтарға сөзім жоқ. Өйткені осымен 5-рет сол кісінің дәрісіне кешігіп отырмын. Бүгін жанарындағы көзілдірігін ала бір қарады да отырыңыз дегені. Мұздай тер шығып, екілік алған баладай басымды көтерместен отырдым. Іштей ұйқышылдығымды, бір бөлмеде де жатсақта мені еш оятпаған жатақханадағы жатта болса жақына айналған жігіттерді тілдеп жаттым...

      Менің бұл әдетімді өзгеше ұғынған группаластарым "ұстазды сыйласаң қайтеді" деп жатқаны. Мақтамен бауыздалған көк қошқардай не болсада іштей иманымды үйіре отыра бердім. Ия. Магистрант басыммен дәрістен кешікенімді қоймасам ертең меннен қандай ұстаз шығары белгісіз.

       Ертең Бақытжан Хасановтың дәрісі ол кісінің дәрісінен кешіктім дегенше өзіңе бітіспес дұшпан таптым деген сөз. Қалта телефонымның безілдегін 08:40 –қа қойып басымды жастыққа қойдым... Тілерім бір азанда ертерек тұрып дәріске үлгеру.