Аристотельдің еңбегін ақтарып, көзімнің тауысып отырғаныма 3-сағаттан асты...

Аристотельдің еңбегін ақтарып, көзімнің тауысып отырғаныма 3-сағаттан асты...
жеке
блог

     Кеше түн баласы көз ілместен баяндама  жаздым. Уақыт деген қарақшымен қарбаласып отырып отыз бес бетті жазып бітірдім. Түйгенім бір, түсінігім сан. Айтарым атан түйеге жүк болардай. Дәл бұлай шұқшия отырып жазу жазып ізденбегеніме алты айдың жүзі болыпты. Қолымда Аристотельдің  «Риторика» еңбегі. Ақтарып, қарап отырып кітап емес, қазына екеніне көзім жетті. Шынымды айтсам алғаш кітапты қолыма алғанымда мұрнымды тыжыратып өз-өзімді қинай оқи бастадым. Сүт пісірімдей уақыт өте шығармадағы пәл сапаның байыбына бара бастадым. Бұлыңғыр болған дүниелер, түнекте жаққан шамдай айқындала түскені.       Саясат, Билік, Сөз өнері, Ел басқару мәселелерін қамтыған бұл шығарма Аристотельдің ең алғаш қалам тербеген туындыларының бірі. Оқып бағамдар болсаңыздар тарихы тым тереңде. Мен еңбекке қатысты еш бір бағам бермедім. Оқып шығып таразыларсыздар.