Астанам, мені аяла...

Астанам, мені аяла...
жеке
блог

«Астанам, мені аяла, Аяла тағы аяла». Астана, Астана, Астана...Менің Астанам! Арман қуып Елорданың есігінен кіріп, төрінен орын алмасақ та бір бұрышы бұйырып тұр. Осыдан екі жыл бұрынғы күнделігімді алып  күнделікті жазған шимайларыма көз жүгірттім. Байқап отсам, жазбаларымның 75 пайызы Астанаға арналған екен. Күлкілі әрине, Қостанайдың қақ төрінде отырып алып Елордаға жазба арнауға не себеп болды екен. Қиратам, бағындырам, қағындырам ғой сондағы ойым. «Сіздің ойыңыз, сіздің өміріңізге айналады»-деп Марк Аврелий айтпақшы, расымен адам өз өміріне құрғанжоспары арқылы өмір сүреді екен. Көзім жетті. Менің де миыма кіріп кеткен ойларым өміріме айналуда. Мәселен, биыл қолға диплом тиген сәтте елімнен алыстағым келмей, қимастық биледі бойымды. «Су шықты ма, осы орда да қалай берсем қайтеді. Жұмысым бар, табысым бір өзіме жетеді. Астанада кім күтіп тұр мені. Әке-шешемнің қасында тыныш өмір кешіп жатсам ба екен»-деген сұрақ тұрды. Астана менің арман қалама айналғаны қашан, десек те менің бұл ойым тек қиял көрінетін. Менің шешімімді ешкім құптаған емес, сенімсіздік танытатын. Олардың маған деген сенімсіздігі мені тұсаулайтындай да еді. Не дерсің?!Ал, міне арман арқалаған ару қыз бүгінгі күні Астанада. Енді бұл Елордадағы өмірім бөлек әңгіме. Ғажап қала екені рас енді, бірақ бауыр баса қойған жоқпын. Ол да менен жатырқайтындай. Десек те бұл қалаға құрған жоспарым көп, көресің әлі деп күшеніп қоямын кей-кездері. Аялай көр ару қала-Астанам, артығырақ жақсы көрем сені басқадан!