"Ер бақыты" немесе...

"Ер бақыты" немесе...
жеке
блог

 

  Алдыңғы жазбаларымның бірінде оның маған "Әйел бақытын" сыйға тартқаны туралы жазған едім. Енді "Ер бақыты"...

      Әдеттегідей. Күтпеген жерден. Бұл жолы да себепсіз. Бейтаныс біреу әлгі гүлді әкеліп қолыма ұстатты да жөніне кетті. Ұқпай мен қалдым. Сөйтсем, Ол келгенін сол гүлмен білдірткісі келген екен.

          Кездестік. Үнсіз. Бір-бірімізге қадалып ұзақ тұрдық. Жанарымнан жас еріксіз кетті. Сағыныштың көз жасы. Ия, сағынған екем. Қатты сағыныппын. Жыламайын десем де, көз жасымды тия алмадым. /"Екі айда бір рет кездесіп, несіне қинайды екен",- деп ойлаймын кейде./ 

Үнсіз кеп маңдайымнан сүйді.  Шашымнан иіскеп біраз тұрды. 

-Періштем... /бар айтқаны сол жалғыз ғана сөз/ 

Сосын, сосын бәрі әдеттегідей. Тек бұл жолы ұзақ жол жүріп, Көлсайға бардық.  /бұл жайында кейін/ Үнсіз. Жол бойы да, көлікте де, табиғат аясында да.        /қалай іштері пыспайды дейтін шығар, бәз біреулер/ Расында да, қол ұстасып, үнсіз жүре береміз. Қызық. Суретке де түспеппіз. Үнемі осы. Оның үлкен, мөлдіреген жанарына қараудан жалыққан емеспін. /Жігіттің де көзі сондай болады екен-ау.../

-Маған ештеңе айтқың келмей ме?

-Жоқ. /ондай кезде не айтарымды тіпті де білмей қалам/ Қарамаңызшы, адамды ұялтып...

Жымиды. 

-Маған мұңды көзбен қарағаныңды қашан қоясың? /білмеппін/ Жауап орнына жай ғана жымидым. Үнсіз.

-Мына гүлге жақсылап қарауыңды сұраймын. "Ердің бақыты". "Әйел бақытының" қасында жақсы өседі. 

-Онда бұл гүл Сіз болдыңыз ба?

Үндемеді. Жымиды да қойды.

Білемін.  Өзі жоқта көңілімнің бәрі гүлге ауып, сағынып жыламасын дейтінін. Сол үшін де әр келгенінде бір құшақ раушан гүліне қоса, құтыдағы гүлді де көтере келетінін. Ашып айтпаса да сеземін. /Өзі айтпаса да, көзінде жазылып тұрады./ 

Кері қайттық... Үнсіз... Бір кезде Музарт... Келеді кездескім... Бір-бірімізге қадала қарап:

-Жұбаныш болмайды, жаныма өзге ешкім... Келеді кездескім... Аңсатқан арманым бұл жалғанда... Өзіңдей жан бар ма?.. Айналған арманға...