Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Ыстық құшақ... Ыстық сүйіс... (қыз күнделігінен)

Ыстық құшақ... Ыстық сүйіс... (қыз күнделігінен)

Ыстық құшақ... Ыстық сүйіс... (қыз күнделігінен)

...Асығыс қадам басып келдің де, кілт тоқтай қалдың. Жаныма жақын тұрсың. Менен көз алмай тұрғаныңды байқадым. Ішімде бір арпалыс болып жатқандай. Жүрегім де қатты соғып, екі бетім бірден ысып кетті. "Қызарып кеттім бе екен" деген ой санамда жаңғырып жатыр. Қимылсыз қалдың. Жанарымды жерден көтеріп, өзіңе қарай алар емеспін. Бұл - ұялу емес, ұяңдық па екен?! Әлде сенің алдыңдағы өзім байқамаған еркелігім бе? Жоқ, бұл - жүректеріміздің тілдесуі болар. Естимісің, жүрегім бір секундтың ішінде қанша сырын айтып үлгерді. Бірнеше секундтар бойғы үнсіз ұғысуды бөле жарып, жалт қарадым. Күлімдеп тұрған көзіңнің тұңғиығына батып кетер ма екенмін?! Жақыннан жүзіңе тағы да көз тоқтаттым. Ерніңнен сүйгім келіп тұрса да, өзімді тежеп-ақ тұрмын. Өз ойымнан ұялып кеттім де, жанарымды төмен қараттым. Жүрегім жүрегіңе қалауын қысылмай айтты ма екен, мені бірден құшақтай алдың. Иісіңе басым айналып барады. Құлағымның түбінен шыққан демің денемді дір еткізді. Ерінің ерінімді өпкенде, еріп кетердей күй кештім. Ыстық құшақ... Ыстық сүйіс... Мен өзіңді өте қатты сағыныппын...

"Ғашықтар күні"... Дау туғызатын күн. Осы күннің бірінші минутын бірге қарсы алғанымызды жақсы ырымға баладым. Мен үшін жылдың 365 күні - түгелдей "Ғашықтар күні!" Сені сүйетін әрбір секундым - мереке!  

4189 12
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 14 ақпан 2012, 09:10
Тегтер: Жүрегім жүрегіңмен егіз ба еді?!
Пікірлер
+0
14 ақпан 2012, 10:36

"Ғашықтық тілі - тілсіз тіл" деген осы да))

+0
14 ақпан 2012, 11:02

ее мае жақында жақында демедің ба?))бір уақытта койлегімнің түймелерін ағытып,аймалап,мойнымнан йіскеп жатыр....мен байғұс каайфтан басым айналып,енді қайтсем екен деп жатқанда кабинетке еш ескертусіз хатшымның жігіті кіріп келсе бола ма...бір ойым жігітті құлатып жалғастыра берсем ба деймін дәә!))))бір ойым қос аққудың ортасына от салмайақ қояйын дедім.....сойтсем бұлар подстава жасап Хабардан көрсетпекші бастық өз кабинетінде...................

+0
14 ақпан 2012, 11:10

кейіпкер өзім болғанда, сіздің ақылыңызға құлақ асар ма едім :) жақында, жақында деп айтар ма едім :)
сізге эротикалық тақырыпта жазу керек екен :)

+0
14 ақпан 2012, 14:02

Осындай ішкі ойын сүйген адамдарына бүкпесіз айтатын жандар бола ма екен өмірде?! Ішінен емес тек. ))

+0
14 ақпан 2012, 14:17

Соңғы екі сөйлем әдемі....ұнады..)

+0
14 ақпан 2012, 14:47

Ғашықтар бір-бірін тілсіз, жүрекпен сезеді. Неткен "нежныыый" пост мынау, Мөлдір көз?! Сүйіктің жанынан әркез табылсын!!! Муа!

+0
14 ақпан 2012, 14:57

рахмет, жаным сол :)

+0
14 ақпан 2012, 16:25

Есіме түсіп кетті-ау болған оқиға))))))

+0
14 ақпан 2012, 17:12

Ай, ай, ай! )))

+0
14 ақпан 2012, 17:00

Мәәә, керемет жазыпсың, Мөлдір көз))

+0
14 ақпан 2012, 17:25

керемет! Ммммммммм

+0
15 ақпан 2012, 15:42

Ух,ты! Я будто роман начала читать :)
Из тебя выйдет классный писатель, Эльвира. Можешь даже повседневные эмоции так красиво передавать....:)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев