Жарды қалай таңдауға болады?

Жарды қалай таңдауға болады?
жеке
блог

Әй, массагеттік қыз - жігіттер! Сендерге мен бір қулық айтайын ба? 

Опшым былай, осы жерде яғни массагетте деймін де бір қыз немесе бір жігіт ұнап жүр делік. Сендерге ол адамды зерттеуге, ол адамды жақсы тануға, ол адамның нені ұнатып нені ұнатпаймын білуге массагет үлкен мүмкіндік жасап қойды ғой білесіңдер ме? 

Білем ғой, білмейсіңдер. Кез-келген адам интернет әлемінде өзін өзгеше ұстайды деген ой қалыптасып қалғаны рас. Бірақ, ол адам интернетте өзін 100 пайыз өзгертеді деп ойламаймын, себебі кез-келген адам өз болмысынан асып кете алмайды. Себебі, қазақтар жасандылықты онша істей алмайтын адамдар қатарынан. 

Сомен іске кірісейік: 

1. Блогтар. Кез-келген блогты жазған қыз болсын, жігіт болсын ол өзінің ішкі күйін, өзіне әсер еткен факторларды жазады. Сол жерде жазған әр жазбасынан кімнің көз қарасы қандай екенін білуге болады. Егер сіздің көз-қарасыңызға келіспей жатса, пікір арқылы басқа да қырынан танып білуге болады. 

2. Форум. Көп қолданушылар форумға кірмейді. Мен бекер дер едім. Форумда да блог сияқты әр адам туралы ақпар толып жатыр. Мысалы, блог арқылы сен қыздың ойын, мінезін білсең форумдағы әр түрлі сұрақ арқылы адамдардың не тұтынатынын, қалай тамақ жасайтынын, қандай ас ұнайтынын, холодильнигін қалай ұстайтынын, аяқ киімі қалай екенін, қандай смстер алатынын бәрін білуге болады. Тұнып тұрған адам туралы ақпарат ортасы. 

3. Материалдар. Мен көбіне аспаздық бөлімінің оқырманымын. Себебі, қыз болғасын тем более қалыңдық болғасын маған тамақ бөлімі жақын :). Мойындаймын, тәтті тамақ ішкенді өзімде ұнатам. 

4. Пікірлер. Әр блогтан ұнатқан адамыңыздың пікірін бақыласаңыз. Ойын бірден біліп, қалауы қандай екенін біліп алуға болады.

Бары осы, жақсылап пайдаланыңдар массагет ұсынған мүмкіндікті :)  

Форумда пікірден-пікір таластырып Тау ұлы екеумізге мындай сұрақ қызық болды: "Массагеттік тұрғындардың бөлмесі қандай" деген. Сонымен, әр кім өз бөлмесін түсірсе. Жігіттерге алтын сырға: "Қыздардың бөлмелеріне қарап, қандай жар болатынын білуге болады" қыздар, өз кезегінде массагеттік жігіттердің өмір сүру стилін танып білуге болар еді. Сонымен, мына форумға сурет салуға ат салысамыз :) Бәрі де сол сіздер үшін ғой :).