Пленка

Пленка
жеке
блог

Ол жылдардың кеткеніне де көп бола қойған жоқ. Бірақ, әлі есімде. Біздер студент атанар жылдары, оның шамалы алдында 2000-2001, 2002 лерде сотосалондарда қызық дәстүрлер болатын. Бір фотосалоннан пленка алсан, сол жерде проявкалату тегін.Басқа жерге апарсаң 100 теңге болды-ау деймін шамасы.Қазір тиын тәрізді көрінетін 100 теңгенің сол кезде құны әжептеуір болған-ау деймін. Жұрттар жаңағындай акцияларға жақсы қатысатын. Пленканың қағаз қорабын жоғалтпауға тырысып жүруші еді. Әйтеуір, әпкем осындай жеңілдіктерді байқастап жүретін. Тағы бір акцияның түрі, 36 кадрында бір демде шығарсаң 25 беттік альбомды сыйлық ретінде алу. Сол кездегі ол альбомның құнының қанша екеніне мән бермеппін.