Кекшіл жүрек ®Фазыл Жандос

Кекшіл жүрек ®Фазыл Жандос
жеке
блог

Арманым,мақсатым, үмітте бар

Наурызды, сәуіріңде жауғанба қар

Тоңдырып көктеміңде, жазда мұздап

Алғандай қамап мені бөлмеге тар

 

Кекшіл ем, кешірдің бе жүректе дақ

Жалғанды айырмаспын қарадан – ақ

Көкжалдай жаным тулап, өкпем үшін

Шымшылап тыным бермес қараңғы бақ

 

Ренжіткен мені қысы көбі балап

Желкеден жұлқылаушы ед иттей талап

Сүмірейтіп аяйтын үлкен қалаң

Жек көрсеңде амал жоқ, өсті балаң

 

Кекшіл ем, жаратқаным – кекшіл жүрек

Сыбырлап құлағыма нәпсім үр деп

Алқынып болашаққа аттап бассам

Орыма жаулар қазған түстім күреп

 

Жылы жел, ыстық күнім, күлкім қайда

Соққыңа тигенім бұл, арам пайда

Көргенім ызғар суық, қарлы белдер

Жоғалып та кеткен бір жұлдыз, айда

 

Аздауды көпті көріп, жылатқансың

Ақырған ақпаныңа шыдатқансың

Қылған мені көкірек қып мына өмір

Құздан сен, есіңде ме құлатқансың

 

Кекшіл ем, мақтанбаймын мен шынымен

Әлсіреді жүрек қағыс, өрт тыныммен

Сұм жалмауыз жаулап алды ой, санамды

Қарғыс атқыр қу сезім, тек жырыммен

 

Жоқ әлі де менімше бар мүмкіндік

Құйындаған шөліңнен біз үн ұқтық

Жәннаттай аңқып демі адалдықтың

Мыңқ еткізбей жақсыны көлдей құрттық

 

Кекшіл жүрек. Тәніммен иманым кір

Ей бауырлар ренжітпей өзгені жүр

Мен нүктені соңғы рет қойдым міне

Көкірекпен шайылып кеткендей бір....