Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / XXI ғасырдағы ертегі... (Кастинг... қорытынды)

XXI ғасырдағы ертегі... (Кастинг... қорытынды)

XXI ғасырдағы ертегі...  (Кастинг... қорытынды)

Сәлем, менің құрметті оқырмандарым!!! Өткенде кастингтің 2 - ші турының қорытындысын айтамын деп уәде берген едім, сөзімде тұрайын. 

Бізді (2 - ші турға өткендерді), сол бұрынғы жерге (Royl Tilip Almaty қонақ үйіне) сағат 11:00 - ге шақырған болатын.

Таңғы сағат 8 - ден тұрып, жиналдым. Өзімнің сүйікті көк көйлегімді киіп, шашыма прическамды жасап, бардым. Әрине, 30 минутқа кешіктім) Мен барғанша 100 адамдай кезекке тұрып, нөмірлерін алып қойыпты. Не керек, мен 1428 - ші болып тіркелдім. Ал санақ 1300 - ден басталған. Сонда, мен алдымда 127 адамды өткізуім керек екен. Ішімнен осы сандарды санап тұрғанымда, қасыма таныс бала келіп амандасты. Құрбым бірінші болып кіріп кеткен еді, қасына бара алмай қалдым, себебі ол алдында отырған. Осылайша, кезекті 3,5 сағат бойы Наржан деген бала екеуміз күттік. 

Ой, әбден шаршадық, қарнымыз да ашты, ананы - мынаны айтып уақыт өткізіп отырдық. Бірақ, қашанғы сөйлей бересің, әңгіме де таусылды.  Мен күліп: "екеуміз туысқан болып кететін болдық, айтылмаған сыр қалмады" деп отырдым... 

Не керек, әйтеуір жеттім кезегіме, бұл кезде сағат 3:30 - дар шамасы болған. IV Қайырымдылық Балының ұйымдастырушылары - Марат Омаров пен Анастасия Лотоцкая жюри болды. Қойған сұрақтары: "Аты - жөніңіз, бойыңыз, жасыңыз, не үшін балға қатысқыңыз келеді". Болды, әңгімеміз 3 минутта тәмамдалды...  

Осылайша үйге қайттым,  шаршап келіп ұйықтадым) Түнгі сағат 00:00 - де "Еventica" компаниясының сайтында жауабы шықты... Өкінішке қарай, өтпедім((( 

Барғым - ақ келген еді, бұйырмады((( "Ниче, әлі келер жыл бар ғой, бұйыртса" деп өз - өзімді жуатып қойдым))) Міне, жаңалықтар осындай!!! 

16
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 13 ақпан 2012, 22:22
Тегтер: IV Қайырымдылық Бал, Eventika, Кастинг

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.