Эстафета - әнқоржын

Эстафета - әнқоржын
жеке
блог

Ғаламторымдағы плей-листімді қарап отырмын...

 1) Көңілге ұнаған әндерді тіркей береді екенмін. Олар түрлі оқиғаларға, өз басымдағы жағдайларға байланысты табылып, қосылып жатыр. 

Күнделікті өмірім, жұмысым плей-листпен басталып, сонымен аяқталады.

Міне, Гиннестің рекордтар кітабына енген жезтаңдай талант, әлемдік музыканың қара қызы – Уитни Хьюстонның қазасына байланысты оның екі әнін қостым... Бұрынғы әндері тізімнің соңғы жағында қалып қойыпты.

2) Ғаламторда Кавказ әуендері сәнге айналған. Бұрын Айдамир Мугу, ал қазір – Мұрат Тхагалегов. «Қалыңмал» деген хитті мен де қосып алдым. Тхагалеговты тыңдағанда Заттыбекті тыңдамаймын ба, әрине, тыңдаймын! 

3) София Ротару – әлемдік музыканың ұлы өкілі. Оның кез келген әні менің плей-листімде болуы тиіс. Әсіресе, әнші туған Карпат жағалауы, Шығыс Еуропа жазығы өңірлерін көз алдыңа әкелетін украин, молдован, румын әндері. «Иоане» әні – менің қозғалтқыш күшім.

4) Елка. Около тебя. Мені бағындырды ақыры бұл қыз...

5) Мадонна! Бритни Спирс! Леди Гага! Эпатаждың шыңы не болар екен?!

6) Крис Паркер. Спэйс. Әзірше хит боп тұр ғой.

7) О-о-о-о-о!!! Kazaky! Туған күнімде бар мүмкіндікті пайдаланбай, осы топтың концертінен қалып қойдым!

8) Adelle-дің бір әнін таба алмай жүрмін... Клипінде екі биші жігіт эротикалық прелюдияны бастан кешеді.

 9) мына жазбада `N Synk, Шинейд О`Коннор, Бьорк, Limp Bizkit туралы жазуды ұмытыппын. 

10) Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкенов орындайтын Игорь Крутой мен Ұлықбек Есдәулеттің «Жұлдызым» әні – қазіргі кезеңімнің әнұраны!

11) Былтыр күллі әнсүйер қауым Кристина Агилера мен Maroon 5-тің солисі Адам Ноа Левинге Moves Like Jagger әні үшін риза болған шығар! Бұл ән қазір – ұялы телефонымның қоңырауы.

12) Сәуле Жанпейісова, Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқали, Ерболат, Елмұра Жаңабергеновалар орындайтын халық әндерін тыңдаймын.

13) Инструменталды музыканың классика нұсқалары.

 Қысқасы, ән атаулының бәрін де тыңдаймын. Плей-листім – алуан түрлі көкөністен жасалған салат. Өмірдің өзі – алабажақ.

Эстафетаны Сәкенге жағымпазданып тұрып ұсынамын.