Анам мәңгі кетпесе екен қасымнан

Анам мәңгі кетпесе екен қасымнан
жеке
блог

Аналардың мейірімі - шексіз, шетсіз мұхиттайын тасынған,

Ана көрдім баласы үшін әр нәрсеге бас ұрған.

Жалған өмір өтер, кетер, жүгін артып кеудеге,

Анам мәңгі кетпесе екен, кетпсе екен қасымнан.

 


Қаншама адам аңсап өскен мейірімін ананың,

Толғанады соларды ойлап сарсақтаған санам мың.

Жұрт алдында асқақтайын, биіктерге жетейін,

Ал анашым өзің үшін жергөктегі балаңмын.

 


Самғап келед, қанат бітіп бұл күндері жас қырын,

"Адам болсын" - деп тілейді, олар үшін басты ұран.

Қалай ғана қол жеткізсем кілітіне жұмақтың, 

Тұр емес пе жылтың қағып аяғының астынан.

 


Парызымыз бітпек емес мынау өмір жолдағы,

Ана емес пе өзгелерден, өзгешелеу мол бағы.

Бұл жырымды оқып шыққан өлең сүйер әз қауым,

Анасы үшін не істегенін сәл сезінсе болғаны.

 

14.08.2013 жыл.

Маулен Анербаев