Ескірмейтін естеліктер.

Ескірмейтін естеліктер.
жеке
блог

Балалығымның жарқын естелігі мынау: Әкем мені "Әппак" деп атайды. Әкем жұмыcтан келген соң, "папа менің атым кім"? деп сұрағанда, әкем "Жансая" деп жауап берген ғой, Мен тұрып "Жоқ таппадым менің атым-Әппақ" дейді екенмін. Аздан соң, әкемнен "менің атым кім?" деп сұрағанда, әкем "Әппақ"деп жауап берген ғой, ал, мен болсам, "тағыда таппадың, менің атып Әппақ Жансая" деген екем. Әкем күн сайын айтып отырады. Өзімде күліп қоям соған. Қанша рет естісемде, жалыққан емеспін. 

Мен туғанда мынадай жайт болыпты. Менің алдымда 3 татем бар, 2еуі шетінеп кетті. Қазір үйдің екінші перзентімін. Анам босанғанда, әкем үйде болған ғой. Сөйтіп, жолдастары "егіз ұл туды" депті. Әкем қуанғаннан сол жерде жуып, әйтеуір, күштілеп тойлаған екен. Артынан "қыз туду" дегенде, қатты күлген көрінеді. Ата-анамыздың айтуынша мен бірінші туылыппын, Кунсая 15 минуттан сон дуниеге келіпті. Біздер туғанда өте әлсіз болыппыз, жас кезімізде көп ауырған екенбіз. Бала кезімде мені қараған дәрігер мектепке оқушыларды тексеру келгенде "Мына екі қыз өледі деуші едім, әлі жүр ғой" дейді.

1998 жыл қиын кезең болыпты. Жұмыста ақша бермейді, ауылда сүт болмаған, акем жұмыстан келген соң, Аралға пойызбен барып сүт алып келеді екен. Әйтеуір сол жылы, үйдгілер осы екі қызға деп, бұзаулы сиыр алыпты. Бұзауы өзіммен қатар. Соның сүтін ішіп өстік.

Бала кезімде қырсық болыппын. Әкемді қатты жақсы көргем ғой,әкем жұмыстан келмейінше орнымнан тұрмайды екенмін. Әкем келсе, жадырап, күлімдейді екенмін. Жүр десе жүрмеймін, папам келіп көтеріп, жүргізу керек. Менің маңдайымнан шаш өспепті. Үйдегілер қатты қорыққан екен. Артынан шаш өсе басты. 

Бізді көршілеріміздің арасында бақпаған адам қалмаған. Ата-анам жұмыста болды да, анау бір қарайды, мынау бір қарап кетеді. Әйтеуір сол өстік. Біздер балабақшада оқығанымызда папамның қарындасынын үйінде болдық. Татем сонда жұмыс істейтін. 2 жылдай ғо, ата анамызды көрсек жылайтынбыз, әлі күнге дейін айтады туыскандарым.

Мен 5 жасыма дейін "соска" еміппін. Үйдегілер ұрыссада, қоймаған екем. Бірде жылап отырыппын, бәрі сұрап жатыр ғо енді, не болд? не керек? жылама деп, мен сонда "сушии" деппін. Ол не десе, татем бұл қыз соска сұрап тұр деген. Бәрінің ішегі жарыла күлген көрінеді.

Ескірмейтін естеліктерім осындай. Жалпы қазіргі кезеңім, ең бақытты шақтарым ғой менің. Бәрімізде есейеміз. Содан соң, "кезінде мен сөйттіпіпн, бүйтіппін" деп емірене еске аламыз. 

Әр күніміз шаттыққа толсын! Кербез қыздарыңыз ЖАНСАЯ ТЛЕУЛЕСОВА.