Бәріміз - психологпыз...

Бәріміз - психологпыз...
жеке
блог

Біреу алдымызға келіп мұңын шаға қалса жұбатуға тырысамыз. Мен де сөйтем. Шын түсініп тұрамын ол адамды. Жанына медеу болып, жарасына ем болғым келіп оны жұбатамын. Кейде еңсесі түскен адамға қуат беріп ұрсып-ұрсып алам. Бұл жағдайдан да қиынға шыдап жүргендердің барын айтып, бармен бақытты болуға шақырам. Өйткені біз өмірден баз кешіп, өзін-өзі мүлде жоғалтақан адамдардың қасында әлдеқайда бақыттымыз. Бізде байлыққа тең келмес қымбат дүниелер бар. Бізді шын жүрегімен жақсы көретін жандар бар. Бізсіз өмірін күңгірт санайтындар бар. Біз керекпіз. Мына жыбырлаған тірі пенделердің ішінде біз әлдекімдерге керекпіз. Міне, осылай жұбата береміз. Бірақ бұл шындық қой.

Біздің жан-жағымызды жылататындар мен жұбататындар қоршап жүреді. Жұбататындардың арқасында көзімізге жас онша ала қоймаймыз. Болмаса, ішіміздегінің бәрін бір шығарып, көзіміздің жасын бір сығып аламыз. Сөйтпеске, амал бар ма?

Кейде адамда жұбатарға сөз таусылып қалады екен. Оны шын түсініп, ұғып тұрса да. Қанша жаның ауырып, жүрегің елжіреп тұрса да, не айтарыңды білмей қалады екенсің...

Біз бәріміз психологпыз. Бүгін сен басын тасқа ұрған басқа біреудің жанына барып аузың көпіріп, жұбату айтасың. Бірақ сол жұбатуды өзің көңілсіздікке салынғанда ұмытып кетесің. Саған еш нәрсе қызық болмай, өмірден түңілгенде өзің білек сыбанып тұрып айтқан ақылдарыңды есіңе біреуін де алмайсың. Өйткені біз әлсізбіз. Ертең арайлап күн шыққанда осы жасқа жуынған сәтімізді еске де алмаймыз. Бар бақытқа шүкір етуді кейбіреуге мына өмір үйретер емес. Өмір - мектеп дейді. Өттттте сапасыз білім беретін мектеп екен онда бұл өмір. Бұл өмірге біреулердің түкіргені бар. 

Кейде жылап отырғандарды көріп неменеме жетісіп бақыттан басым айналып жүрмін мен деймін. Адамдардың бәріне неге теңдей етіп бақыт үлестіріп бермейді екен деймін. Мика айтпақшы, бәріміз бақытты болайықшы, құрысын...