Сарыарқа-Бәрі өкініш

Сарыарқа-Бәрі өкініш
жеке
блог

   Былтыр күзде youtube-тан "Арай-Ұмыттың ба сен" бейнебаянын іздеп отырып, әп-әдемі, сапалы, тартымды клипке көзім түсті. Көрдім, ұнады. Әні де, клипі де көңілімнен шықты. Сөйтсем өзімнің жерлестерім екен. Қарағанды облысы, Жезқазған қаласының жас әншілері. Клипті Алматыда түсіргенге ұқсайды. Өкініштісі, ол клипті ешбір телеарналардан көрсеткен жоқ әлі. Әншілердің демеушілері жоқ болғандықтан шығар. Ротацияға жіберудің өзі үлкен қаражатты талап етеді ғой. Ал енді өздеріңіз көріп, тамашалыңыздар! 

  Сарыарқа-Бәрі өкініш.