ҰБТ-ның тәртіптері өзгерді......

ҰБТ-ның тәртіптері өзгерді......
жеке
блог

Мектеп қабырғасын аттағанымыз кеше ғана сияқты еді...Көзді ашып-жұмғанша 11жыл да өте шықты. Мектеп қабырғасындағы әр мезет, барлық қызықтар есімізде. Бастауыш сыныптарда бәріміз жарыса сабақ оқушы едік, ол кезде сыныпта үздік оқушылар көп болатын. Өз басым 9-шы сыныпқа дейін үздік оқушы болыппын, іс-шараларға белсене араласып, 9-шы сыныптан соң бірге оқыған достарымыз колледжге түсіп кетті. 10-шы сыныпта гуманитарлық, жаратылыстану бағытына бөлді, бұрынғы сыныбымнан 4 қыз ғана қалдық, қалғаны жаратылыстану бағытына кетті. 10-шы сынып ешқандай емтихан жоқ, рахат өмір болды, сыныбымызда өнкей позитивті оқушылар, әр сөзді қалжынға айналдырып күле береміз, мұғалімдермен қалжындаса береміз, мұғалімдер де бізге риза болатын. Өзіміздің ұранымыз бар:КҮЛЕ БІЛГЕНІҢ-ӨМІР СҮРЕ БІЛГЕНІҢ деген, оның үстіне сыныпта барлығы:кенжетайлары үйінде, немесе жалғыз баласы, жалғыз қызы, бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Сөйтіп биыл 11-ші сынып оқып жатырмыз, мектеп бітіруге аз уақыт қалған сайын мектеп ыстық болып, қимай жүрміз , білім жағын қатырып жатырмыз дей алмаймын, әлі де күліп-қалжындап жүрміз, ҰБТ-ға аз ғана уақыт қалғанда тәртіптерін өзгертіп жіберді, бізге қатты тиді, сонша күліп-ойнап жүргенде , ҰБТ күні жылап қалмайық деп, Алланың бұйыртқаны болап деп жұбатамыз өзімізді, әркімнің өз нәсібі бар ғой деп. Шпаргалкаға қатты сеніп жүргенбіз, бірақ биыл қатал болады деп жатыр. Біздің ауданға бір мектепке Астанадан 12 аудиторияға 12 комиссия мүшесі келеді екен, былтыр 15 аудиторияға 4 адам келген , одан бөлек 3 адам биыл келеді екен программисттер , әр аудиторияға камера, глушитель орнатып жатыр. Өз білімімізге де сенеміз, бірақ әр оқушының бойында толқу, қобалжу сезімі болады ғой, алдыңғы ҰБТ-ның бәрі өте жақсы өтіп жүрген , барлығы грант иегері атанып, қуанып. Демалыс, мейрам бәрін қосқанда ҰБТ-ға 4 ай қалыпты, аз ғана уақыт , өзім алгебрадан ғана қорқамын, және дүние жүзі тарихы өте қиын, Қазақстан тарихын толық меңгере алмай жатқанда дүние жүзі тарихын жаттап алу мүмкін емес сияқты ғой.... Жоғарғы оқу орнына түсу үшін кемінде 70 балл жинау керек , орыс тілсіз, 4 пен 5 ке оқитындар ала алатын шығар, ол жағын Бір Аллах қана біледі, КӨПТІҢ ТІЛЕГІ КӨЛ дейді, бәріміз мұғалімдермен қоса тілеп жатырмыз.... Достарымыз бәріміз бірге жақсы балл алып, банкетте бәріміз күліп жүрсек деген арман-ниетіміз бар, мұғалімдердің еңбегі өте зор , мен министр болсам ұстаздардың жалақысын қатты көтерер едім. Барша ҰБТ тапсыратын түлектерге сәттілік тілеймін !!! Қалаған оқуларыңызға түсіп кетуді Аллах Тағала нәсіп етсін !!! Ата-аналырыңыздың үмітін ақтайтын азамат болыңыздар, қамқоршысы болыңыздар!!! Қазақстан көркейе берсін, дами берсін!!! Жастарымыз адал еңбек ететін азамат болсын, Аллах зейіндерінді ашсын !!! Ниеттеріңізге жете беріңіздер!!! Аман болыңыздар !!!