Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Виртуалды махаббат

Виртуалды махаббат

Виртуалды махаббат

Дидар жұмыс жасап отырып компьютеріндегі интернет парақшасын көзі шалды. Әлеуметтік желі бетін көріп,  түрлі сұлу бикештерді тамашалап отырып қалды. «Жалғыз Мәжнүн» деген лақап атпен тіркелді. Өзінің суретін жүктеп, қыздармен хат алыса бастады. Тіркелгеннен 2-3 күн өткенде Раушан атты сұлу бикеш достық ұсынып жіберіпті. Фотоларын көріп, жаңадан өзі сияқты тіркелгеніне қарап, интернетте көп отырмайтын болар деп қабыл алған ұсынысын. Жұмыс арасында сол бикештен хат тосатын болды. Басында  жай уақыт өткізіп көңіл көтерермін деген Дидар, күн өткен сайын жақындықтары бардай сезіне бастады. Жабырқаған сәттерінде қолдау көрсетіп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді айтпай ұғатын секілді. Уақыт өте келе сол Раушанды ойдан шығара алмай да жүрді. Жұмысан кеш шығатынды шығарды. Ал үйде   15 жыл отасқан жары мен 6 сыныпта оқитын қызы тосып отырады. Жарын да қатты сүйеді, сыйлайды. Бірақ Раушан да ойынан шығар емес. Жарына бір опасыздық жасағандай сезім де бар. Осылай сезімдер арасында арпалысып жүріп  3 ай да өте шығыпты. Телефонмен хабарласудан бас тартқан соң, Дидар  Раушанмен желі арқылы ғана сөйлесіп жүрді. Күннен күнге еліктіріп бара жатқан бикешпен кездесуге бел байлады. алдын ала келісіп кинотеатрда кездесетін болып шешті. Раушанның шарты бойынша Дидар кинозалға 30 мин кешігіп кіруі керек.

Сол күні жұмыстан кеш шығатынын жарына айтып еді, құрбысына қонаққа баратынын айтты жары. Іштей қуана шықты таңертең жұмысқа. Әрең дегенде кеш батты. Жұмыстан асыға шығып сағатына қараса сеанс басталған екен. Жарты сағат өтті-ау дегенде келіскен кинозалға кірді. Қолында Раушанға деген раушан гүлі. Фантастика жанрындағы фильм жүріп жатыр. Соңғы қатарға көтеріле бос орынды көзі шалды. Не де болса осы орын болар деген Дидар, еңкейе өтіп бос тұрған орынға да жетті шытырлатып раушан гүлін құшақтап. Жымия қарап отырған жарын көріп бос орынға сылқ отыра кетті...

Фильм ортасына қарай үрейлене фильм көріп отырған жұрт назары соңғы қатарда жырқ-жырқ күліп отырған екеуіне ауды. – Бұлары несі ужас кино көріп отырып жырқылдағандары?- деп реніш білдіргендері де болды араларында. Фильм соңына дейн отыра алмастарын сезіп екеуі залдан күле шықты...

 

Абыр-сабыр. Жиналған қонақтар: - Дидар, Мақпал! Кішкене Таланттарыңның бауы берік болып,  үлкен азамат болсын!- деп құттықтап жатыр...

2523 29
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 10 ақпан 2012, 22:09
Пікірлер
+0
10 ақпан 2012, 23:31

Мейіржанның уордпрестегі блогынан бір әншінің бейнебаянын көргенмін. Бейнебаянда дәл осы сюжет бейнеленген.

+0
10 ақпан 2012, 23:35

сол әншінің аты мен әнін айта аласың ба? қызық болып тұр) есіңе түскенде ұмытпа

+0
11 ақпан 2012, 01:36

Шыныменде осыны оқып отырып сондай бір бейнебаян коргеним есіме түсті.

+0
11 ақпан 2012, 01:52

мен бұны сонша ойланып толғанып отырып жазсам) қап ая(((( сол бейнебаяды көргім келіп отырғаны енді

+0
11 ақпан 2012, 02:34

Біздің местный бір каналдан күнде крутит етеді сол клипті)))) Ансар дуэті ғойдим. Әннің аты есіме түспей тұр.

+0
11 ақпан 2012, 02:57

http://youtu.be/plhd83iM2dE

+0
11 ақпан 2012, 02:58

plhd83iM2dE

+0
11 ақпан 2012, 09:24

Ой, Рауана рахмет көп-көп) Видимо жігіттер менің әңгімемнің желісіне аванспен клип түсіріп қойған ғой))))))))))))

+0
11 ақпан 2012, 14:52

Бейнероликті әзер дегенде қостым ғой әйтеуір)))) Сізге сценарист, режиссер болу керек сияқты!))

+0
11 ақпан 2012, 16:13

рахмет Рауана) шынымды айтсам бұны жазу ойыма Әбіләкім ибн Субіләкімнің блогын оқыған соң келді) мен де жазып көрейнші деп жазғаным ғой. Талант бар таныс жоқ боп тұр емес па)

+0
11 ақпан 2012, 16:17

:))))))) Осы сайт арқылы демеуші пайда болар. Жаза беріңіз!

+0
11 ақпан 2012, 16:21

жақсы идея бердің)))) енді бірінші оқырмандарым да сыншыларым да сендер боласыңдар
қой келесі хикаяның тақырыбын таңдайын, талап -тілектер қабылданады если че)

+0
11 ақпан 2012, 16:22

Іске сәт!!!)) Шабытыңызға шабыт қосыла берсін!

+0
11 ақпан 2012, 16:24

егер жақсы спонсор тауып кетіп, атақты болып жатсам Әбіләкім ибн Субіләкімге алғысымды айтамын ғой)

+0
11 ақпан 2012, 12:26

сааутсыз түсіріліпті бейнебаян. "сайттан іздеу" деген жерге жазып жатқаны несі? о, тоба ((

+0
11 ақпан 2012, 14:51

вахахаха))) Мейіргүл жаным, мен де соны байқап күлкіден жарылған едім. Бұл баяғыдағы клип қой, ол кезде қазіргідей интернет деген дамымаған, халық мән бермес деп ойлаған ғой шамасы))))))))

+0
11 ақпан 2012, 16:14

мүмкін олардың браузерлері сондай болар тікелей смс жаза беретін)))))

+0
11 ақпан 2012, 09:45

Осы сіздерде виртуалды махаббат хикаясы болды мекен? Болса немесе естігендеріңіз болса бөлісе отырсаңыздар

+0
11 ақпан 2012, 19:53

виртуалды махаббат болды...бірақ шынайыға не жетсін...әрине...әркімге әрқалай....біреуге мұң, біреуге қуаныш сыйлап жатады аталмыш махаббат....мен "реальный" махаббатқа сенемін!) Күнде көзбен көріп, жүрегіңмен сезінген қандай керемет......бір компьютерге телміріп, хабар күтуден гөрі....бірақ, осы интернет арқылы танысып, отбасы құрып жатқандары да аз емес....Қысқасы, біреуге бақ, біреуге сор.....

+0
11 ақпан 2012, 21:31

қызық ия қазір) виртуалды махаббат, реальный махаббат т.б . бөліне беретін болған махаббат) нағыз махаббат пайда болғанда осының бәрін ұмытып та кетеміз...

+0
11 ақпан 2012, 21:41

Nagyz mahabbat.....ai kaidam....

+0
11 ақпан 2012, 22:26

бааааааааааар нағыз махаббат!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

+0
11 ақпан 2012, 22:44

................

+0
11 ақпан 2012, 12:21

хехе, өз жарыңнан артығы жоқ дегің келіп тұр ғой? ) хикая соңы әдемі бітіпті, әйтеуір )

+0
11 ақпан 2012, 13:31

ия ия)))))))))))))))))))))))))))

+0
11 ақпан 2012, 14:30

Бұл жерде көзге шөп салу бар..................

+0
11 ақпан 2012, 15:57

иә, көзге шөп салу бар.

+0
11 ақпан 2012, 16:04

ия бар) екеуінде де

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев