Мен тағы да жауапсыз махаббатпен бетпе-бет келдім. Жасаған, қарсыласқан істерім бұрынғысынан өзгешелеу секілді. Мүмкін, аузы күйген үріп ішердің күйін кешкен болармын. Ғашықпын деймін, бірақ ғашықтықты қамқорлықпен шатастырған мен де бір сормаңдай секілдімін. Ғашықпын ғашық болуға тыйым салынған жанға... Кеше кешке киноға бару керек болғанбыз, бірақ мен өнер адамының өмірін түсінбейді екенмін. Үнсіз қалған телефонымды жазғырып, тіпті жазықсыз телефонымды жек көріп барамын күннен-күнге. Тілін жұтқан адамдай сол күні кеш бойы үнсіз тұрды, еш пайдасын көрсете алмай жабыққан жаныма. Мен ғашық болдым, сүйем деймін, бірақ соңынан күйемін, күйіп келем әлі де...Біле тұра өзімнің қиналатынымды, бұрынғысындай мұның да қуантпайтынын түсіне тұра, тәтті шараппен мас қылып, алдаудан бір жалықпадым жанымды. Бірақ мен рухани тұрғыдан шаршағанымды түсіндім, жанымның күйзелгенін ұғындым. Жанарымды бал шырынға толтырумен емес, ащы жаспен толықтырудан шаршамаған махаббатқа мен наразымын, көктем гүліндей жанымды құлпырта алмаған махаббатқа мен қапалымын. Оған деген жүрегімнің есігін енді қайта ашқым-ақ келмейді, ашпайын десем, өмірім менің бұрынғының ақ-қара телевизорына айналатын сыңайлы, ашсам тағы да аузым күйеді. Иа, Алла Тағала, қиналған жанымның ең күшті махаббатын, ыстық сезімін өзіңе арнаудан бір шаршаған емеспін, шаршамаймын да! Кей-кездері бала күнімнен бері тасқа сүйеген басымды, мен де басқалардай адал жүрек, мейірбан көз, кең иыққа сүйегім келеді...
Оқи отырыңыз
Бір қазақ ең кемі екі ақыл айтып кетеді. Өз қара бас сол екі ақылдың біреуін орындап жүрген болса, әлдеқашан адам болып кетер еді.
— Редактор бағаны —
— Жұлдызды блогтар —
Соңғы пікірлер
Форумда талқылануда
— Үздік әуендер —
Негізгі
/
Жалаңаштанған үміт
Жалаңаштанған үміт
Жазылған уақыты:
10 ақпан 2012, 15:48
— Айдарлар бойынша қызықты —
Ең қызықты блогтар
Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун #7
До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім?

BTS - Go Go
Топ: BTS немесе Beyond The Scene Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)
Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.
махаббат тәтті дерт қой ол да бір.. жиі-жиі ауырып тұру керек ) жазбаңыз әсерлі екен!
Махаббат па тағы да??? Менің махаббатқа деген көнілім қалды, тіпті біреуді сүйетіндей менде ешқандай үміт жоқ...шаршап кеттім, жаным күйзеліп жур
әй қайдам. үзілді ау деген кезде үмітіңіз қалай жалғанғанын сезбей қаласыз бір күні...
ққой, не деп тұрсың? табылады әдемі қыз. Қол ұстасып бірге жүресіңдер әлі. Сену керек,сену.
Махаббат тек адам жанын бақытқа бөлеу керек. Бірақ... әй, қайдам!
Махаббат таусылмайтын әңгіме емеспе? Көптеген кинолар көріп менде ғашық болсамғой деп армандаймын. Менің жасым 18де, бірақ Алла тағала маған әлі ғашық болуды, суюді жазбаған сияқты. Достарым маған " Сен тас жүрексің" диди. Бұл сендердің ойларыңша қалай? Маған Алла ең керемет махаббатты нәсіп етерін сеземін.
жоқ сен тас жүрек емессің! әлі жүрегіңді селт еткізер адамды кездестірмеген болғаның ғой. Әлі талай сол тәтті сезім үшін қуанып та қайғырып та үлгересің)
Жазбаң керемет!! әсерлі екен...
Әдемі....шынайы....жанымның жарасын еске түсіреді.....Рахмет!
Пікірлеріңізге рахмет!!! Сүюден және сүйікті бола білуден шаршамаңыздар)))